Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет

77 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 03 07 2017 18:25

Кентау қаласында ОҚО Ішкі саясат басқарамасының тапсырысымен «МЕМЛЕКЕТ ТУЫ» Жастар Одағы» қоғамдық бірлестігі «Ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет тақырыбында Азаматтармен кездесу өткізді.кездесу барысында бүгінгі таңдағы жастардың бойында патриотизмды дамыту сөз болып ,келелі ойлар ортаға тасталды.Ақын Дәурен Айманбетов жастардың бойындағы отансүйгіштікпен ұлтжандылықты дамытудағы ақын жазушылардың үлесін айтса,жүрналист Ажар Момбек ұлтты тәрбиелейтін бүгінгі қыздар ертеңгі ананың маңызды рөлін қозғап ,қатысушылармен пікір алмасты.Дәурен Айманбетовпен Ажар Момбек қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп,азаматтарды отансүйгіштікке шақырды.Жиын соңында кездесуге келген азаматтарға арнайы шығарылған кітапшалар таратылып,жиналыстың хаттамасы жасалды.

Be the first to comment on "Ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.