ЭКСПО-2017 жабылу салтанатында кімдер өнер көрсетеді?

25 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 20 09 2017 14:02

Жабылу салтанатына арналған шоу бағдарламада тек қана қазақстандық әртістер өнер көрсетеді деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров

«Көпшіліктің сұрауы бойынша концертте «МұзАрт» тобы, сондай-ақ Марат Бисенғалиевтің Симфониялық оркестрі, Альфия Кәрімова және Майра Мұхамедқызы сынды опералық әншілер, скрипкашы Жәмиля Серкебаева, «Отырар Сазы» оркестрі және «Астана Балет» әртістері өнер көрсетеді. Біз үлкен қойылым дайындап жатырмыз, ол Амфитеатрда өтеді», — деді Марат Омаров.

 

Ұйымдастырушылар шара барысының құпиясын ашпай, барлық тұрғындарды келіп көруге шақырды.

Be the first to comment on "ЭКСПО-2017 жабылу салтанатында кімдер өнер көрсетеді?"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.