Полиция тарапынан заңсыздық өршіп тұр.

883 рет оқылды, 1 пікір жазылды, 25 09 2017 20:27

Немесе Халықов қарекетсіз отыра бере ме?

  Соңғы кездері тәртіп сақшылары тарапынан заңсыздықтар орын алып жатқаны жасырын емес.  Ағымдағы жылы  шілденің он жетісі күні  Қаратау аудандық ІІБ ғимаратында орналасқан прокурор кабинетіндегі бейнебақылау таспасына  жол полициясы қызметкерінің  жаға ұстатар әрекеті түсіп қалған. Анық болғандай, Шымкент қаласының тұрғыны, жол полициясының қызметкері Фарух Пахриддинұлы Кошқаровтың белгісіз азаматты ұрып-төбелеп жатқаны туралы айғақты ОҚО өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінің жіті қимылдауының арқасында  қала тұрғыны Шаймұрзаев Бағлан Абылұлы жол сақшысы, полиция қызметкері Фарух Пахриддинұлы Қошқарұлының  өзін көлікті ешқандай құжатсыз жүргізгені үшін, Қаратау аудандық ІІБ алып келіп,    себепсізден-себепсіз соққыға жыққанын  айтып, тәртіп сақшысына т

иісті жаза қолдануды талап етіп арыз түсірген.

 

 

 

 

 

 

 

Тергеу барысында полиция қызметкері Қошқаров Фарух Пахриддинұлы болған оқиғаны мойындамаған.  Сәл кейінірек жәбірленуші  Шаймұрзаев Бағлан Абылұлымен бетпе-бет кездесуді ұйымдастырған тергеушілер әрекетінен  түк шықпаған, полиция сержанты Фарух Пахриддинұлы  бетпе-бет кездесуден басын ала қашқан. Сондай-ақ, күні бүгінге дейін не жұмыста, не тергеуден бой көрсетпей қашып жүрген. 16.08.2017 жылы бой тасалап жүрген полиция сержанты   Қошқаров Фарух Пахриддинұлының тұрғылықты мекен-жайы анықталып, ұсталған. ОҚО прокуратурасының шешімімен заңға мойынұсынбаған  1990 жылы туылған, білімі жоғары, 2010 жылдан ІІБ-де қызмет атқарған полиция сержанты  Фарух Пахриддинұлынын  уақытша қамауға алуға бұйрық беріліп, ары қарай тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

15.08.2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік қызметіне Рахымбеков Бақытжан Қасиетбекұлы атты азамат өзінен Қаратау аудандық ІІБ-не қарасты жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Сыдықов Ақжол Асылбековичтің сотталушыны өз қамқорлығына алу және бақылауды әлсірету үшін 50 000 (елу мың) теңге көлемінде пара сұратқаны жайында жазбаша арыз түсірген.                                                                          

                                                                                                                    

Аталған іс ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік қызметіне ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бап, 2-тармағы бойынша №175100031001299 санымен тіркеуге алынған.

16.08.2017 жылы, 18 сағат 40 минуттар шамасында ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік қызметінің шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қ.Төлеметов көшесінің бойында орналасқан Шымкент қаласының Қаратау аудандық ІІБ-нің ғимаратының алдында полиция капитаны А.А.Сыдықов 40 000 (қырық мың) теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Аталған ақша А.Сыдықовтың шалбарының оң қалтасынан заттай айғақ ретінде алынды. 16.08.2017 жылы 21 сағат 30 минутта ҚР Қылмыстық Кодексінің 131 бабына сәйкес полиция капитаны А.А.Сыдықов ұсталып, уақытша тергеу изоляторына жабылды.

Қаратау аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Сыдықов Ақжол Асылбекұлы, 12.12.1985 жылы туылған. ОҚО, Қазығұрт ауданының тумасы. Білімі – жоғары. 2012 жылы Мардан Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ді бітірген. Ішкі істер саласында 2007 жылдан қызмет атқарады, 15.01.2016 жылдан бастап аталған қызметті атқарған. Үйленген.

ОҚО ІІД Кадрлар басқармасының бастығы қызметіне Халықов Бағлан тағайындалы 2012 жылдан бастап полиция қызметкерлерінің ауыр, аса ауыр және сыбайластық қылмыстарды жасауы бірнеше есеге артқаны байқалады.

Бір атап өтерлігі Б.Халықов бұл лауазымды атқарғанына 5 жылдан асты. Ал сонда Елбасымыздың «Тұлға бір лауазымда 3 жылдан артық отыруға болмайды» деген пәрмені қайда қалды?

Біз өз кезегімізде Халықов Бағланның кадр таңдауда қандай ерекшеліктерге сүйенгенін білгіміз келеді. Сол кісінің таңдаған мамандары аса ауыр қылмыстарды жасауда еш шімірікпейді. Мысал ретінде, Отырар аудандық ІІБ жоғары шенді қызметкерлері «есірткі бизнесіне қатысты» деп айыпталып жатқанын айтсақ та жеткілікті шығар?

Біздің «Ет бұзылса тұз себеміз, тұз бұзылса…» атты сериялы мақалаларымыздан кейін ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік қызметінің бастығы Ш.Оңғаровтың қызметтен кеткенін білеміз. Келесі кезекте оның орынбасары болған М.Сыздықовтың мәселесі күн тәртібінде тұр. Ал, полковник Б.Халықовқа кезек қашан келер екен?

М.Абдалиева

1 Comment on "Полиция тарапынан заңсыздық өршіп тұр."

  1. viagra sale cheapest
    viagra pill
    order generic viagra uk

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.