ДАМУ САТЫЛАРЫ

106 рет оқылды, 2 пікір жазылды, 26 09 2017 12:28

Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

  • *ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
  • *жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
  • *инфляция мен инфляция қарсы саясат;
  • *экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
  • *экономикалық дамудың циклдары;
  • *ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
  • *мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Қазақстан дербес мемлекет ретінде экономикалық даму үрдістерінің мол тәжірибесін жинақтай ХХI ғасырға қадам басты. 1990 жылдардың басында ел экономикасын реттеуде заманауи уақыт талабына сай жұмыстар қолға алынды және дәл осы жылдар Қазақстан үшін тарихтың жаңа беттерін айқындаған жылдар болды. Ел алдында тәуелсіздік тұғырын қондыру жолы — әкімшілік-әміршілдік жоспарлы экономиканы нарыққа көшіруді жүзеге асыру, заманауи демократиялы және азаматтық қоғамның негізін орнату міндеті тұрды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қайта құру және жаңаша қоғамдық жүйені қалыптастыру, әлемдік үдерістерге сүйенетін шаруашылықты жүргізудің жаңа сапалық үлгісін жасау қажет болды.

Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:

1) соц. экономикадан кейінгі қайта құру;

2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;

3) макроэкон. тұрақтандыру;

4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру;

5) экон. өрлеуді қамтамасыз ету.

(1991– 92) Қазақстанда соц. экономикадан кейінгі экон. жағдайдың шиеленісіп, құлдырауымен сипатталады. Халықаралық қаржы орталықтары Қазақстанды нарықтық экономикалы ел ретінде мойындады. Бірақ ел экономикасына әлемдік және 1998-1999 жылдардағы Ресейдегі қаржы дағдарысы әсерін бермей қоймады: республиканың сыртқа шығаратын тауарлар бағасына, қазақстандық өнімге сыртқы сұраныстың қысқаруы салдарынан 1999 жылы елдің ІЖӨ төмендеді.

Ал 2002 жылы ұлттық валюта девальвацияға ұшырады. Республиканың экономикасы әлемдік тауар-шикізат нарқының бағасының құбылысына және басқа мемлекеттердің экономикалық жағдайына тікелей байланыстылығы көрініс берді. Сондықтан да өндіруші кәсіпорындарды дамыту, отандық таур өндірушілер мен шағын бизнеске қолдау көрсету, экономиканың шаруашылық кешенінің шикізатқа негізделген бағыттарының құрылымдық реформаларын жетілдіру белсенді түрде қолға алынды.

ҚР дамуының 1998 – 2000 жылдарға арналған стратег. жоспарын іске асырудың оң тәжірибесі бюджеттік-қаржылық өзара іс-қимыл мен реттеудің жаңа қағидаларына негіз қалады, оның серпіні мына мақсаттармен айқындалды: 2000 – 02 ж. орт. және жергілікті атқарушы органдар арасында қаржы-экон. міндеттерді бөлісу; 2001 жылдан бастап елдің экон. дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы ішкі өнім жыл сайын өсіп отырды: тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша 2000 ж. – 87607,5 млн. АҚШ долл-ы, 2001 ж. – 101674,1 млн. АҚШ долл-ы. 2002 ж. жалпы ішкі өнім көлемі бұрынғыдан 9,5%-ға көбейді. 1999 – 2000 ж. бейқаржылық активтер негізінен шетелдік инвестициялардан құралса (тиісінше 57% және 51%), 2001 ж. ішкі инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жетті. 2000 – 02 ж. елдің экон. дамуы үшін инвестициялық мүмкіндіктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметін экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келісімшарт жасалды, негізгі капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ долл-ы) инвестициялық міндеттеме қабылданды. 2001 ж. негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көл. 775,7 млрд. теңгені құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп.

XXI ғасырдың басында елдегі ахуал, экономикалық өсудің жоғары қарқыны мен оның бәсекеге қабілеттілігі — ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетпен әлемдік экономикаға ықпалдасқан жағдайында ғана мүмкін екені айқындалды. Сол сияқты индустриалды-инновациялық даму қолға алына бастады, іс жүзінде ел экономикасына барынша тиімді де үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу, индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу негізге алынды. Алға қойған барлық міндеттерді жүзеге асырудың тиімді құралы – Даму институттары құрылды. XXI ғасырдың екінші онжылдығының басында жаһандық экономикалық алаңның ойыншыларының орналасуы жағынан айтарлықтай өзгерістерге ұшырағанын айта кету керек. Мәселен, ІЖӨ ұлғайту бойынша екінші орын алып келген Қытай, әлемдегі өнеркәсіп заттарын ірі сыртқа шығарушыға (экспортеріне) айналды. 2010 жылы әлем экспортының 12 пайызы осы елдің еншісінде болды. Ал АҚШ мемлекеттік қарыздары белшесінен келген елге айнала бастады, Барак Обаманың билік басына келуімен бұл қарыз мөлшері 8,95-тен 15,5 триллион АҚШ долларына өсті.

Әлемдік қаржы институттарының әсерімен 2000 жылдың басынан ипотекалық қозғалыс Қазақстанға да келді. Соның көрінісі – 2000 жылы «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ құрылды. Бұл ұйымның негізгі міндеті – ипотекалық несие беруші екінші деңгейлі банктерді қайта қаржыландыру, берілген ипотекалық несиені секъюритизациялануы жолымен дамыту болып табылды. Компания жұмысының оң бағыт алу нәтижесінде Қазақстанда ипотекалық несиелендірудің қарқыны тез өсті. Негізгі капиталға салынатын инвестициялар жоғарғы қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Стратегиялық басымдылықтарды дұрыс қою арқылы еңбекақы деңгейі жөнінен 2000 жылы ТМД елдері арасында бірінші орында болды және алғашқы болып жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Энергия ресурсының әлеуеті дамып, 32 миллион тонна мұнай өндірді, халықаралық өлшемдерге сай Ақтау порты жаңғыртылды, көпірлер, жолдар, әуежайлар жаңаланды. Ең басты инвестиция – адам әлеуеті дамуына жұмсалған инвестициялар болды. Экономикалық өсім 1999 жылы 2,7 пайыздан 2000 жылы 9,8 пайызға ұлғайды. Осы жылдардан бастап елдің экономикалық дамуы жоғарлай түсті. 2001 жылы ішкі жалпы өнімнің өсуі 13%, 2002 жылы 9,5%-ды құрады.

Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және әлемдік қауымдастықтың, Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі ретінде, өз егемендігін заң жүзінде және іс жүзінде дүние жүзіне тегіс мойындатты. Қазақстан ТМД-да бірінші болып Еуропа Одағы (2000 жылдың аяғында) және АҚШ (2002 жылдың наурыз айында) тарапынан нарықтық экономикалы ел ретінде танылды.

Сондай-ақ Халықаралық экономикалық байланыстарды дамыту мақсатын көздеген шаралар жоспарланып өткізілді. Мәселен, 2001 жылдың 5-ші қаңтарында Орталық Азия экономикалық қауымдастығы мемлекеттері басшыларының тұңғыш саммиті Алматы қаласында өткізілсе, 8-ші қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шаңырақ-10» — Бірінші Халықаралық сауда жәрмеңкесін өткізу туралы» Қаулысы (№15) шығарылды. Жаhандық дағдарыс және оның әсерінен болған дүниежүзілік тауарлы өндірістің ықшамдалуы Қазақстанға өз әсерін тигізді. Себебі дағдарыс банктік жүйені ғана емес, экономиканың нақты секторларын да қамтыды.Осыған орай 2001 жылы – халықтың басым бөлігінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мен алдағы бес жылдың экономикалық қауіпсіздігі қарастырылды. Сол сияқты Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымдарын қалыптастыру мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, Астана қаласының 2005 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы да қолға алынды. Мұның өзектілігі де бар еді. Қазақстанда 2000-шы жылдың басында тұрғындар арасында жұмыссыздар саны өсіп, оның халықтың экономикалық белсенді бөлігінің (еңбекке қабілетті 8,4 млн. адамның) 13,5 пайызын құрауы, келешекте кедейшіліктің өсуіне жол ашатындығы белгілі болды. Қазақстан Республикасы Үкіметі мұндай жағдайдан шығу шараларын қарастырып, «2000-2002 жж. арналған Кедейшілік және жұмыссыздықпен күрестің» Мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бағдарлама аясында 2002 жылдың соңына дейін 400 мың жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздар санын 9 пайызға түсіру жоспарланды немесе бір отбасында ең болмағанда бір адамды жұмыспен қамту мақсаты көзделді. Сонымен қатар республика аймақтарының ерекшелігі де ескерілді.Алдағы ауқымды іс-қимылдар үшін қоғамның барлық топтарының қауымдасуы, оның ішінде билік пен халық арасын жақындастыру мәселесі де тыс қалдырылған жоқ. 2001 жылдың алғашқы жартысында ел экономикасындағы жалпы ішкі өнімнің өсуі 2000 жылмен салыстырғанда 14 пайыздан асты.

Тоқтап қалған өндіріс орындары қалпына келтіріліп, кейбірі жаңадан құрылды, инфрақұрылым белсенді қалыптастырылып, ауыл еңсесі көтеріле бастады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі жарты жылда 5 пайыздан артты. Мемлекет бөлген пайызсыз несиелер егіс науқанын ойдағыдай өткізуге, егінді жинап алуға жақсы дайындалуға септігін тигізді. Ауыл-селоның жанар-жағармайға қатысты мұқтаждықтары, техника әзірлеудің оңтайлы шешілуі арнайы қабылданған Заңдар, Үкімет пен әкімдердің белсенді жұмысының нәтижелері,импорт алмастыру саясаты өзінің жемісін бере бастады. Отандық тауар өндірушілер 2001 жылға экономиканың шикізат секторымен 220 миллион долларлық шарт жасасты, бұл 2000 жылдағыдан 2,2 есе артық. Бірінші жарты жылдықта жасалынған шарттардың 54 пайызы орындалды, бұл ұқсатушы өндірістің өркен жаюына түрткі болды: машина жасау өндірісінің ауқымы 40 пайызға, тоқыма және тігін өнеркәсібінің көлемі 20 пайызға өсті. Іс жүзінде Қазақстанның ірі кәсіпорындарының барлығы, орташа кәсіпорындарының басым бөлігі қалпына келтірілді.

2004 жылғы (қаңтар-маусым) индустриалды даму статистикасы өнеркәсіп өндірісінің 2003 жылдың осы мерзімдерімен салыстырғанда 9,4 пайызға өсім берсе, өңдеуші өнеркәсіп 7,9 пайызға өсті: оның ішінде химия өнеркәсібі – 23,8 пайызға (2003ж. қаңтар-желтоқсанында — 16,3 пайыз); машина жасау – 30,2 пайыз (2003ж. – 20,7 пайыз); резина және пластмасс заттары – 40,6 пайыз (2003ж.- 30,9 пайыз); басқа да металл емес минералды өнімдер – 24,9 пайыз (2003ж. – 27,3 пайыз); жиһаз өндірісі – 1,6 есе өсті. Машина және құрал-жабдықтар экспорты өсімі – 45 пайызды құрады.

Экономикалық тұрақты өсу басты стратегиялық басымдылық ретінде сақталынды, оның негізі — жеке бастамаларды және кәсіпкерлікті қолдау, белсенді сыртқы сауда, инвестиция тарту. 1997-2007 жылдар аралығында елдің ІЖӨ көлемі 22 млрд.-тан 100 млрд. долларға, бес есеге жуық ұлғайды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 3,7 есе өсті. Негізгі капиталға инвестиция көлемі ұлғайды. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 70 млрд. доллардан асты. Бұл Орталық Азияға тартылған барлық инвестицияның 80%-ы. Ұлттық қор қаржысын қоса есептегендегі елдің халықаралық активі 40 млрд. доллардан асып түсті. Сыртқы сауда айналымы он жылда алты есе ұлғайды. Банк, сақтандыру секторлары және зейнетақы қоры жүйесі нығайды.

крымсобаки

2 Comments on "ДАМУ САТЫЛАРЫ"

  1. cziyjw Way cool! Some extremely valid points! I appreciate you writing this write-up and also the rest of the website is also very good.

  2. I truly appreciate this post. I’ve been looking all over for this! Thank goodness I found it on Bing. You’ve made my day! Thx again

    http://www.zvodretiluret.com/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.