ОҚО ДИҚАНДАРЫ ҚҰРБАН АЙТҚА ОРАЙ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ТЕГІН АЗЫҚ БЕРДІ

113 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 26 09 2017 12:52

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары Құрбан айт мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың аз қамтылған тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын-қарбыздан дәм татқызу. Тізімді диқандарға Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі беріпті. Осылайша шаруалар оңтүстікқазақстандықтардың дархандығы мен еңбекқорлығын көрсетіп, ұлық мерекенің қадір-қасиетін арттыра түсті. Айта кетейік, Астана қаласында 2-3 қыркүйек күндері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. «Қазақстан» спорт алаңшасында өтетін жәрмеңкеге құны 265 млн. теңге болатын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады.

 

Астана қаласында өтетін «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» атты әлеуметтік жобасы ұсынылады.

Мүмкіндігі шектеулі және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың проблемаларына қоғамның назарын аудару мақсатында ұйымдастырылған бұл конкурсқа облыстағы аудан, қаладан 10 өтінім келіп түсті.

Әлеуметтік жобаларды қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар, қауымдастықтар және заңды тұлғалар жүзеге асыруда.

Келіп түскен жобалар облыстық іріктеу комиссияның отырысында қаралып, нәтижесінде «Сана сезім»  әйелдер бастамалық құқықтық орталығының «Адам саудасы» атты әлеуметтік жобасы жеңімпаз атанды.

Авторы «Сана Сезiм» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының президенті Хадиша Абышева болып табылатын жоба аясында олар азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени сынды қызмет түрлерін көрсетеді.

Енді әлеуметтік жоба облыс атынан 2017 жылы 20 қыркүйекте Астана қаласында өтетін республикалық көрмеге қатысатын болады.

Айта кетейік, елімізде отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен 2013 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Be the first to comment on "ОҚО ДИҚАНДАРЫ ҚҰРБАН АЙТҚА ОРАЙ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ТЕГІН АЗЫҚ БЕРДІ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.