ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ: ҚАЗІРГІ КҮЙІ МЕН ӨСУ ПЕРСПЕКТИВАСЫН БАҒАЛАУ

205 рет оқылды, 15 пікір жазылды, 26 09 2017 12:18

Қазақстан Республикасы қазіргі күнде экономикалық өсімнің жоғары қарқынның қамтамасыз ететін отын-энергетикалық, металлургиялық және химиялық кешендерді иеленеді.
Шикізат ресурстарын өндіру мен экспорттауды қарқынды дамыту ел экономикасының дағдарыстан шағуын және соңғы үш жылдағы экономикалық өсімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алды.

Ел экономикасының 2003 жылғы даму нәтижесі, көптеген өлшемдер бойынша болжанған межеден жоғары болды және Қазақстан Республикасының үкіметі 2004 жылғы болжалда бұл межеге жақсы тұсына қарай дәйекті тұрғыдан өзгерістер енгізді.
Қазақстандағы 2003 жылы өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі 2002 жылмен салыстырғанда өсті, яғни 109,1% құрады.

2000-2003 жж. жалпы ішкі өнімнің динамикасы,
млрд. теңгемен
Қаңтар-қыркүйек 2000 ж. 1927.0
Қаңтар-қыркүйек 2001 ж. 2485.0
Қаңтар-қыркүйек 2002 ж. 2798.0
Қаңтар-қыркүйек 2003 ж. 3270.2

Жалпы ішкі өнімнің 9,1% өсімі, ең біріншіден өндірістің жоғары қарқынымен, яғни өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыспен байланысты болды. Нақты сектордағы өндіріс көлемінің өсуі көлікпен байланыстағы, сонымен қатар саудадағы өнім өндіру қызметінің ұлғаюына септігін тигізді.

2003 ж. Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің құрылымы

Ауыл, орман, балық шаруашылығы 7.2

Өнеркәсіп 29.1

Құрылыс 5.5

Сауда 11.9

Көлік және байланыс 12.2

Басқа салалар, қызмет жасау 28.7

Басқалары 5.4

ҚР Статистикалық агенттік мәліметі

Қарастырылып отырған кезеңде жалпы ішкі өнімдегі тауар өндірісі мен қызмет көрсету өндірісінің үлес салмағы 41,8 % және 52,8% сәйкес пайызды құрады, алайда жалпы ішкі өнім өндіруде негізгі үлесті, бұрынғысынша өндіріс саласы иемденеді (29,1%).

Өндірістік өнім көлемі 2003 жылы 2002 жылға қатынаста 8,3% — ке ұлғайды және қазіргі бағамен 2520,6 млрд. теңгені құрады. Тау-кен өндірісінде өнім өндіру көлемі алдыңғы 2002 жылғы кезеңмен салыстырғанда 8,1%, ал өнім өндеуде – 8,7%, электр энергиясын, газ бен су өндіру мен бөлуде – 6,9% ұлғайды.

Қазақстанның сыртқы саудасы да қарастырып отырған кезеңде өсімді байғатты. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (ұйымдаспаған сауданы есептемегендегі кедендік статистикалық мәлімет бойынша) 2003 жылдың қаңтр-қазанында 17116,9 млн. АҚШ долларын құрады және 2002 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 32% — ке ұлғайды, оның ішінде экспорт – 10552,8 млн. АҚШ долларын (38% — ке ұлғайды), импорт – 6564,1 млн. АҚШ долларын құрады (24% — ке ұлғайды).

2003 жылы Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының әлемнің 149 елінде сауда серіктестері болды (2002 жылының қаңтар-қыркүйек айларында – 153). Қазақстанның негізгі сауда серіктестері Ресей Федерациясы, Европалық Одақ елдері, Қытай, Бермуд аралдары және Оңтүстік Америка елдері болып табылады.

Экспорттың тауарлық құрылымында шикізат тауарлары басымдық көрсетеді, мәселен минералдық өнімдерге барлық экспорттың 65% келеді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда шикі мұнай өнімдерін жөнелту — 52%, көмірді — 38%, руда мен темір қосындыларын — 48%, марганецті — 17%, хромды — 12%, табиғи газды — 15% шығару ұлғайды.

Импортталынатын тауарлардың негізгі тобы – машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарының көлемі 2002 жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі деңгейден 14% — ке ұлғайды.

Жеке тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандырудың айналымынсыз) есептегі кезең аралығында 754,2 млрд. теңгені құрады және 2002 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 9,9% — ке ұлғайды.

Инвестициялар. Мемлекет қазіргі таңда шетелдік капиталды кең көлемде тарта түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы инвестициялық іс-әрекет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздерінің арқасында өндіру процесін жандандыруға бағытталған.

Әлемдік банктің Қазақстанды инвестиция үшін ең қолайлы әлемнің 20 елінің санатына ендіруі ел экономикасының дамуына берілген жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап өтер болсақ, тәуелсіздігіміздің жариялағалы бергі жылдар аралығында ел экономикасына АҚШ – тың 21 млрд. долларынан астам қаржы тартылды.

Қазақстанның бұгінгі күнде әлемдік қауымдастықта нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалғанын атап кету қажет және еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып инвестициялық рейтингке ие болды.

Қазақстан экономикасына келген инвестициялық салым, мұнай-газ саласын қоса есептегенде, 2003 жылдың қаңтар – қыркүйегінде 729,6 млрд. теңгені құрады, ал бұл, 2002 жылдың сондай айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 10,8%-ке артық.

Кесте 3

Қазақстан экономикасына 2002-2003 жж. қаңтар – қыркүйек айларында түскен инвестиция ағымы

Қаңтар-қыркүйек 2000 ж. 344.0

Қаңтар-қыркүйек 2001 ж. 512.0

Қаңтар-қыркүйек 2002 ж. 671.0

Қаңтар-қыркүйек 2003 ж. 729.0

ҚР Статистикалық агенттік мәліметі

Ел экономикасының приоритетті салалары мұнай мен табиғи газ өндіру (негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінің 44%), көлік және байланыс (19%), қозғалмайтын мүлікпен операция (9%), өңдеу өнеркәсібі (8%) болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен кіріс көлемі, еліміздің қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2003 жылдың соңына дейін 838,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылдық аталмыш кезеңімен салыстырғанда 26,2 % артық, ал шығындар мен несиелеу – 859,7 млрд. теңгені құрады (35,1 % артық). Бюджет дефициті 21 млрд. теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік салымы, ұлттық банктің мәліметі бойынша 2003 жылы 924,3 млрд. теңгені құрады, және олардың тұрақты өсуі байқалуда. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттік салымдардың үлесі 62,2%, шетел валютасы салымындағы үлес 54,9% құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 759,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 36,4%-ке артық, оның ішінде тұрғындардың депозиттік салымы 319,8 млрд. теңге болды, бұл 2002 жылымен салыстырғанда 36,7%-ке көп.

Қазақстанда орта және шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуына үнемі баса назар аударылады. Қазіргі күнде шағын бизнес ел бюджетінің 11% — қалыптастырады, және оның жылпы ішкі өнімдегі үлесі 17%-ті құрайды. Статистикалық агенттіктің мәліметі көрсетіп отырғандай, бірқатар салаларда шағын бизнестің үлесі айтарлықтай жоғары, мәселен саудада 94,6%, қонақ үй мен ресторан бизнесінде 90,9%.

Осы көрсеткіштер, сарапшылардың пікірі бойынша дамыған елдердің деңгейімен бара-бар, ондағы шағын бизнестің үлесі 60-90%-ті құрайды. Алайда, егер онда шағын бизнес жалпы ішкі өнімнің 60-тан 90% дейін үлесін құраса, ал біздің елімізде бұл көрсетікш 17% құрайды.

Аталмыш көрсеткіштер осы сектордың дамуын бағалауда сандық емес, сапалық өлшемнің қажеттілігін көрсетеді.

Тұтас алғанда, республика азаматтары үшін ең танымал және үйреншікті сфера, заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысу болып табылады. Жеңілдетілген тіркеу мен салық салу, шағын бизнестің аталмыш сферасына осы бизнестің 281 субъектісін тартты (557 мың адам) – яғни шағын бизнестің жалпы үлесінің – 72,5%.

Шағын бизнес, әсіресе сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы сфераларында кең таралған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысында – 16,6%, Алматыда — 13%, Алматы облысында – 12,4%. Осы аймақтарда шағын бизнесте қызмет ететіндердің үлесі ең көп көрсеткішті құрайды. Аталмыш сектордың төмен белсенділігі Қызылорда (2,1%), Маңғыстау (2,2%), және Атырау (2,3%) облыстарында байқалады. Шағын бизнес субъектілерінің алған кірісі жағынан Алматы жетекші орынды иеленеді – 24,9%.

Кесте 4

Облыстар бойынша шағын кәсіпорындардың үлесі, %-те

Оңтүстік Қазақстан обл. 16.60%

Алматы 13.00%

Алматы обл. 12.40%

Қызылорда обл. 2.10%

Маңғыстау обл. 2.20%

Атырау обл. 2.30%

Басқалар 51.40%

ҚР Статистикалық агенттік мәліметінің негізінде

Республикада 2003 жылдың 1-желтоқсанына дейін 189016 шаруашылық субъектілер (заңды тұлғалар) тіркелген, оның ішінде жұмыс атқаратындары -141776, олардың қатарындағы шағын заңды тұлғалар – 130113. Қызмет атқарып отырған заңды тұлғалардың ішіндегі шағын кәсіпорындар саны 105693, оның ішінде шағын бизнес субъектілері – 92642.

Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет дайындаған 2003-2004 жылғы бағдарламада белгіленген мемлекеттік шара шағын және орта бизнес саласындағы қызмет атқаратын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, ал ондағы жұмыс істейтіндер санын екі миллион адамға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, бұл шағын және орта бизнес субъектілері өндіретін жалпы ішкі өнім көлемін 25% жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуы айтарлықтай оңды жетістіктерімен сипатталады. Қазіргі күнде ел тұрғындарының жағдайын жақсарту бағытында белсенді саясат жүргізілуде, мәселен зейнетақыны жоғарылату бағытында қайта есептеу жүріп жатыр. Тұрғындардың кірісі мен жалақысының орта деңгейі ұлғайды. Осы орайда, Қазақстанның әлеуметтік дамуының оңды үрдістері туралы келесідей мәліметтер айғақ береді:

2003 жылдың қыркүйек айындағы бағам бойынша тұрғындардың жан басына шаққандағы орталай ақшалық кірісі 10008 теңгені құрады және 2002 жылдың сол айымен салыстырғанда 16,8%, ал ақшалай кіріс 10,3% өсті.

Қызметкерлерге бөлінген айлық жалақының орта деңгейі 2003 жылдың қырүйегінде 23566 теңгені құрады және 2002 жылдың сол айымен салыстырғанда 13,8 %, ал нақты жалақы төлемі 7,4% өсті.

Жұмыссыздардың саны 2003 жылы сараптамалық бағалау бойынша 644,1 мың адамды құрады, экономикалық белсенді тұрғындардың санының

Кесте 5

Экономикалық белсенді тұрғындардың жалпы санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі, %

Қаңтар-қыркүйек 2000 ж. 3.9

Қаңтар-қыркүйек 2001 ж. 2.9

Қаңтар-қыркүйек 2002 ж. 2.9

Қаңтар-қыркүйек 2003 ж. 2.0

ҚР Статистикалық агенттік мәліметі

жұмыссыздық деңгейі 8,3%, оның ішінде сол жылдың қазаң айының аяғында жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарында тіркелген азаматтардың саны – 153,4 мың адамды құрады, ал олардың экономикалық белсенді тұрғындардың санындағы үлесі – 1,9,% болды.

Қазақстанда жұмыс атқарып отырған кедейлікті қысқарту бағдарламасының арқасында, 2005 жылға таман еліміздегі жұмыссыздардың деңгейі 2002 жылғы 9,4%-тен 8,1%-ке қысқаруы, ал жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 2028 АҚШ долларын құрау тиіс.

Жоғарыда көрсетілген бағдарламаны кешенді шешу мақсатында Қазақстан үкіметінің тарапынан Мемлекеттік агро азық-түліктік бағдарламасын орындау мен ауылды жерлердегі жағдайды сапалы тұрғыда жақсартуды қамтамасыз ететін кешенді шаралар қолға алынып отыр. Сонымен қатар, индустриалдық-инновациялық даму мен ғылым, білім беру және тұрғындардың кәсіби квалификациясының қазіргі заманғы және тиімді жүйесін қалыптастырудағы Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша да бірқатар шаралар қарастырылған.

Одан бөлек, шағын кәсіпкерлікті, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамыту, тұрғындардың зейнетақысы мен әлеуметтік деңгейін, мемлекетік қызметкерлер мен бюджеттік сфера жұмысшыларының жалақысын жоғарылатуды, астананы дамытуды көздейтін кешенді шараларды жүзеге асыру қолға алынып отыр.

Қазіргі күнде Қазақстан экономикасының дамуы, ел Президентінің белгілеген дамудың орта мерзімдік агро азық-түліктік және индустриалдық-инновациялық бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуда. Ауылдық аймақтардағы жағдайды түзету мақсатында Президенттің 2003-2005 жж. ауылды дамыту жылдары ретінде жариялау туралы шешімі қабылданды, және осы жылдар аралығындағы мақсатты түрде жүргізілетін аграрлық саясат ауылды дамытуға және депрессивті, экологиялық және экономикалық болашағы жоқ территориялардағы тұрғындарды қолайлы аймақтарға көшіру мен оларды жұмыспен қамтуға бағытталған. 2003-2005 жж. Ауылды дамыту жылдары деп жарияланғанына байланысты ауылдық аймақтарды дамыту Бағдарламасы аясында ауыл экономикасына 150 миллиардтан астам теңге салу көзделіп отыр. Тек осы мақсаттарға 2004-2005 жж. Мемлекеттік бюджеттен әр жылға 15 миллиард теңгеден ауылдық білім беру мекемелеріне, денсаулық сақтау мен сумен қамту объектілеріне қаржы бөліну көзделген. Аграрлық саясаттың жүргізілінуі тұрғындардың әлеуметтік тұрақтылық деңгейінің өсуіне, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруы мен ауылдағы әлеуметтік қызмет көрсету сферасының кеңеюіне қолғабыс етеді.

Елімізде, алдыңғы уақытта 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму Бағдарламасында белгіленген міндеттерге сәйкес өндіріс дамуы жүзеге асырылады, оның аясында шикізаттық бағыттағы экономикалық жүйеден жаңа ғылыми-техникалық жаңалықтарды қолданатын қайта өңдеу кәсіпорындарын құруға өту жоспарланып отыр. Ал бұл, өз кезегінде экономиканың әлемдік нарықтағы бәсекелесу қабілеттілігін көтеруге, қайта өңдеу өнеркәсібінің (машина жасау, мұнай және газ өңдеу, химиялық сала, т.б.) әртұрлі салаларын дамытуға мүмкіндік береді.Бағдарламаның негізгі міндеті ішкі жалпы өнімді 2015 жылға дейін 2000 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,5 есе ұлғайту болып табылады. Осы орайдағы бағдарламаның негізгі мақсаты – жеке секторды жоғары қосылған өнімдерді жасауға стимулдандыратын кәсіпкерлік ахуалды, бәсекелестік ортаны, қоғамдық институттар жұйесін құру болып табылады. Индустриалдық-инновациялық бағдарламаның негізгі бағыттары – машина жасау, мұнай-газ секторы мен транспорт салаларын дамыту.

Перспективадағы инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары — өнеркәсіптік сектордың индустриалдық-инновациялық даму бағдарламаларын мемлекеттік қаржыландыру, Астананы дамыту бағдарламасы, тұрғындардың әлеуметтік дамуы, кедейшілік пен жұмыссыздық болып табылады. 2004 жылдың ағымында индустриалдық-инновациялық бағдарламаның шеңберінде белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен Даму банкісінің жарғылық капиталы мен оның кредиттік ресурстарын – 12 миллиард геңге, құрылып жатқан Қазақстан инвестициялық қорын – 23 миллиард теңгеге, Инновациялық қорды – 3 миллиард теңгеге, және экспортты сақтандыру Корпорациясын құру үшін 7,7 миллиард теңгеге ұлғайтуға қаржы бөлу көзделіп отыр.

Қазақстан экономикасының даму прогресі, өнеркәсіптің шикізаттық салаларына шетелдік инвестицияларды тартуда, қаржылық сферадағы құрылымдық-институционалдық өзгерістерді жүзеге асырудағы мемлекеттік саясаттың жүргізілгендігінің арқасында, елімізде солар арқылы ұзақ мерзімдегі болашақта постиндустриалдық сервистік-технологиялық дамуды қамтамасыз ететін өмір деңгейі мен қаржылық ресурстардың өсуі жүруде. Қазақстан Республикасы, осыған байланысты, қолайлы экономикалық жағдайларды орнатуға, сонымен қатар әлемдік шаруашылыққа интеграциялану мен ашық экономикаға өту үшін қажетті әрекеттерді бірізді жүзеге асырып отыр.

15 Comments on "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ: ҚАЗІРГІ КҮЙІ МЕН ӨСУ ПЕРСПЕКТИВАСЫН БАҒАЛАУ"

  1. I am really loving the theme/design of your weblog. Do you ever run into any web browser compatibility issues? A number of my blog audience have complained about my blog not working correctly in Explorer but looks great in Firefox. Do you have any suggestions to help fix this problem?

    http://www.zvodretiluret.com/

  2. Howdy very nice site!! Guy .. Beautiful .. Superb .. I’ll bookmark your website and take the feeds additionallyKI am happy to seek out so many useful information here in the post, we’d like develop more strategies on this regard, thank you for sharing. . . . . .

    http://www.zvodretiluret.com/

  3. A round of applause for your blog post.Really thank you! Keep writing.

    http://www.boliviahop.com/

  4. Really enjoyed this article.Really thank you! Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=LydvSqWqwlM

  5. «Woah! I’m really digging the template/theme of this site. It’s simple, yet effective. A lot of times it’s challenging to get that perfect balance» between user friendliness and visual appearance. I must say you have done a fantastic job with this. In addition, the blog loads super fast for me on Opera. Superb Blog!»»

    http://www.empiretodayprofessional.com/

  6. I think this is a real great blog post.Really looking forward to read more. Want more.

    http://cctvsystemsrilanka.com/cctv_colombo_Sri_Lanka.php

  7. «Say, you got a nice article.Thanks Again. Great.»

    https://www.youtube.com/watch?v=ubzRkPjUNxA

  8. A round of applause for your blog article.Thanks Again. Really Great.

    http://westvalleyhq.tumblr.com

  9. Say, you got a nice article post.Much thanks again. Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=dWaCTsBXYhI

  10. I appreciate you sharing this blog article.Thanks Again. Keep writing.

    https://www.youtube.com/watch?v=wa2XItFD_Hc

  11. Really appreciate you sharing this post.Much thanks again. Much obliged.

    https://ozstraps.co.nz/

  12. Im thankful for the blog.Really looking forward to read more. Great.

    http://www.icsi.edu/capitalmarketweek/UserProfile/tabid/4706/userId/2913075/Default.aspx

  13. Fantastic post.Really thank you! Great.

    http://privatelessons.co.in/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.