ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРҚЫНЫ

113 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 26 09 2017 12:48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРҚЫНЫ

 

Қазақстанның әлемдік 50 көшбасшы мемлекеттер қатарына ену жолындағы шешетін негізгі стратегиялық мәселелерінің бірі — ол өз халқының даму деңгейін әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жеткізу мәселесі болып отыр. Республика Президенті өзінің 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстанның әлемнің бәсекелестікке барынша қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясы» атты Жолдауында адам потенциалын дамыту, оның ішінде халықтың «әлеуметтік осал» топтарын қорғау мен денсаулық сақтау, оқу-білім, жұмыс ресурстарын дамыту және де әлеуметтік қамтамасыз етуді нарықтық экономикаға қатысты бейімдеу мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап көрсеткен.

Бұл бағыттың таңдалып алыуына мемлекеттердің өзінің ұлттық бәсекееге қабілеттілігін арттыруда инновациялық үрдістерді дамытумен қатар, адам ресурстарын дамыту саясатының сапалылығын да жоғарғы дәрежеге көтеруі себеп болған.Жан басына есептегендегі ішкі жалпы өнім көрсеткіші, сауаттылық пен адам өмірінің ұзақтығы секілді адамзат дамуының негізгі көрсеткіштерін жоғарғы деңгейге көтеру бәсекеге қабілетті экономиканың негізгі белгілері болып отыр.

Адамзат дамуының негізгі көрсеткіштерінің рейтингтік жүйесіндегі Қазақстанның жағдайы күн санап жоғарылап келе жатыр.Қазіргі уақытта адамзат дамуын зерттейтін БҰҰ-ның өркендеу бағдарламасының (БҰҰӨБ) әлемдік баяндамасында Қазақстан дүниежүзінің 177 мемлекеттің ішінде 73 орында тұр.Бұл көрсеткіш бойынша біз ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орынды иемденіп отырмыз.Сонымен қатар,БҰҰӨБ болжамы бойынша Қазақстан 2010 жылға қарай адамзат дамуы бұдан да жоғары деңгейдегі Исландия, Норвегия, Австралия, Канада, Ирландия секілді мемлекеттердің қатарына көтерілетіні белгілі болған.

Қазақстан мемлекетінің қазіргі таңдағы негізгі саяси ұстандарының бірі — республиканың әрбір азаматы үшін өмір сүру деңгейінің жоғарғы сапалық үлгісін қамтамасыз ету екендігі ел Президентінің 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауында баса айтылды.Аталынған құжатта қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы мен қоғамның барлық таптары мен әлеуметтік топтарының әл-ауқаты әрқашанда мемлекеттік саясаттың негізгі жоспары ретінде қаралатындығы баяндалған.Қазақстан өз алдына адамзат өркендеуінің европалық деңгейіне жету секілді кеудемсоқ мақсат қойып отыр.Бұл жағдайда әр қазақстандыққа жаққандағы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 13 мың долларды құрап, жоғарғы сапалы және қол жетімді денсаулық сақтау жүйесі дамыту ман қатар жалпыға бірдей сапалы білім беру қалыптасады.Сонымен қатар,әлеуметтік жеңілдіктер кеңінен пайдаланылып, ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік алшақтылық азаяды.

Бұл мақсаттарға жетіп, оны жүзеге асыруға Қазақстанның барлық мүмкіндігі бар.Саралай қарар болсақ,дұрыс таңдап алынған экономикалық саясаттың арқасында Қазақстандағы әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштердің қарқынды дамуы байқалып отыр. Өткен жылғы жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2001 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейіп жан басына шаққанда 6600 АҚШ долларын құрады.Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайын бағалай келіп, Әлемдік банк елімізді кірісі ортадан жоғарғы елдер қатарына қосатынын мәлімдеген.

Осылайша, бүгінгі таңдағы экономикадағы дамудың жоғарғы деңгейі кейбір негізгі көрсеткіштердің жақсаруына мүмкіндік беріп отыр.Мысалы, жұмыспен қамтамасыз ету саласына келер болсақ, 2005 жылғы 7,1 миллион адамды құраған көрсеткіш жаңарып, ел экономикасындағы еңбекке тартылғандар саны 7,5 милион адамға жеткен.Бұл жерде айта кететін жайт, жұмысқа орналасқандар арасында жаңа жұмыс орындарға орналасу қарқыны байқалған.Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше тек қана 2007 жылдың мамыр айының өзінде 18,3 мың адам немесе еңбекке тарту мекемесіне тіркелген азаматтардың 84,5 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілген.Жыл басынан бері қайта ашылған орындарына 45,1 мың адам тартылған.

Қазіргі кезде «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасының іске асыуынан үлкен экономикалық және әлеуметтік нәтиже күтілуде.Бұл жерде жаңа құрылған немесе жаңартылған өндіріс орындары айналасында пайда болатын қызмет көрсетуші ұсақ және орта кәсіпкерлік нысандарымен қатар инфрақұрылым жүйесі дамып, кеңейетіндігі мәселесі айтылып отыр.Жоспарланып отырылған өндірістердің ауқымын есепке алар болсақ, қаншалықты жаңа жұмыс орындары пайда болатынын болжау қиын емес.Бұл жағдайдадағы әлеуметтік нәтижені кедейшілік пен жұмыссыздықтың төмендеуі және де қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілетінінен көруге болады.

Жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғарлауы мен мемлекеттің жұмыссыздықты азайтып, еңбекке тарту саясаты еліміздегі кірісі төменгі күнкөріс көрсеткішінен төмен азаматтардың санының қысқаруына жағдай жасады.Мысалы, 2000 жылы еліміздегі кірісі ең төменгі күнкөріс көрсеткішінен төмен азаматтар саны 31,8 пайызды көрсеткен болса, ол көрсеткіш 2008 жылдың 1 қаңтарына 13,8 пайызға төмендеген.

Сонымен қатар, қаржылық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған саясаттың нәтижесі ретіндегі республикадағы қаржы кірісі көрсеткішінің ұлғаюуын қолайлы тұғырнама ретінде көрсетуге болады.Осылайша, қазіргі күннің өзінде қазақстандықтардың материалдық жағдайын жасауға мүмкіндік беретін экономикалық іргетас қаланған деуге болады. Мысалға алар болсақ, орташа кіріс 2004-2007 жылдары екі рет өсіп, 20 714 теңгені құраса,орташа айлық еңбекақы 2004 жылмен салыстырғанда 80 пайызға артып, 2007 жылы 51 101 теңгені қамтыды.Осындай көрсеткіштер арқасында Қазақстан қазіргі таңда ТМД елдері арасындағы көшбасшы болып отыр.

Be the first to comment on "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРҚЫНЫ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.