ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ

107 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 26 09 2017 12:49

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ

ҚАРҚЫНЫ

 

Елдегі экономикалық қарқынды даму мемлекеттік қазынаға түсетін пайданың мөлшерінің көбеюуіне ықпал етсе, ол өз кезегінде халықты әлеуметтік жағынан қамсыздандыру жобаларын іске асыруды қолға алды.Қазақстан Республикасының «2008 жылғы республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес әлеуметтік шараларға арналған жалпы шығынның көлемі 545 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы бөлінген қаржыдан 17 пайызға көбейген. Осы құжатқа сүйене отырып, ең төменгі жалақы, зейнетақы мен төменгі күн көріс көрсеткіштерінің жоғарылағанын көруге болады.

Сонымен қатар елімізде ана мен бала денсаулығына деген қомқорлық күшейіп келеді.Мысалы,осы жыл басынан бастап 315 мың әйел бала туылуына байланысты 34 740 теңгені құрайтын бірреттік жәрдемақы алды және де бала бір жасқа толғанша төленетін әр ай сайынғы жәрдемақының мөлшері де өсіп келеді.2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық бюджеттен еңбек етуші әйелдердің жүктілігін,босануы мен бала қарау мерзімін міндетті түрдегі әлеуметтік сақтандыру шарасы енгізілді.Осымен бірге, әйелдің демалыста болғанына қарамастан оның зейнетақы қорына аударымдар жүріп отырады.Міне, ана мен бала өміріне деген дәл осындай әлеуметтік саясат еліміздегі демографиялық жағдайдың жақсаруына мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда сонымен бірге қоғамның әлеуметтік төменгі тап өкілдеріне арнайы жәрдемақы төленуде.2008 жылы 400 мың мүгедек үшін 52,7 миллиард және қосымша көмектер үшін 11 миллиард тенгені құрайтын қаржы республикалық бюджеттен бөлінді.

Республикамызда лайықты кәрілікті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қалыптасуда.Еліміздегі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалып, олардың емделуі мен демалуына арналған ақысыз санаторий-курорттар еліміздің барлық аймақтарынада ашылған.

Қазіргі таңдағы экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттіліктің негізі тауар өндіру емес, оны дамытатын идея екені ескеріліп,еліміздегі оқу-ағарту саласын дамытуға көп күш жұмсалу үстінде.Сондықтан да Қазақстанда соңғы кездерде жаңа сапа үлгісі «білім экономикасына» көп көңіл бөлінеде.Соңғы бес жыл ішінде еліміздегі білім саласындағы мемлекеттік салымдар бірнеше рет көтерілді.Сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне де қатысты инвестиция көлемі ұлғайып, ол 2000 жылмен салыстырғанда 6 есеге артуы нәтижесінде 2007 жылы 17,2 миллиард теңгені құрады.Мүгедектер мен жітім балаларды қорғау мақсатында оларды жоғарғы оқу орындарына қабылдауда арнайы квота белгіленді.

Оқу-ағарту саласын дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жағдайы нашар жанұялардан шыққан балалардың 30 пайызын балабақшаларға , ал бес жасар балалардың 75 пайызын дайындық сыныптарына тарту көзделінген.Жас ұрпаққа берілетін білімнің сапасының артуы үшін оқу-ағарту мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту,лингафондық және компютерлік класстармен жабдықтау, нысандарда жөндеу жұмыстарын жүргізу мен ол мекемелерде қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру мәселесі де қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептердегі «интернетизация» үрдісі де өз шарықтау жегіне жетіп,бүгінгі таңда Қазақстан мектептерінің 95 пайызы бұл әлемдік жүйеге қосылған.

Қазақстанда сонымен қатар денсаулық сақтау саласын дамытуға да үлкен көңіл бөлінуде. Экономикалық дамуды жүзеге асыратын дені сау жұмыс күші еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырары даусыз.Мемлекеттің бұл саланы дамытуға шығарған шығысы соңғы он жыл ішінде 13 есе көбейіп, 2007 жылы 338,5 миллиард тенгені құрады.Денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалаудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында халыққа алғашқы көмек көрсету мен аурулардың алдын алу принциптеріне сүйенген профилактикалық денсаулық сақтау жүйесіне өту көделінген.Осыған байланысты соңғы бес жыл ішінде алғашқы жәрдем беру қызметінің құрал-жабдықтар мен техникаық қамтамасыз етілуі үш есе өскен.Нәтижесінде осыдан он жылдай бұрын ешқандай медициналық көмексіз қалған ауылдық аймақтарда медициналық бөлімшелер ашылып,жедел жәрдем қызметі жұмыс істей бастады.

Республикада ауыл мен қала өмірі арасындағы алшақтықты азайту жолында қажырлы жұмыс жүргізілуде.2003 жылы ауылдық аймақты дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекекттік бағдарламасы қабылданған.Қазіргі ауыл жағдайын бақылай отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңінде жоспарланған мәселелердің іске асқаны, яғни ауылдың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы қалыптасқанын көруге болады.Мемлекеттік шаралардың нәтижесінде ауыл тұрғындарының кірісінің мөлшері көтерілді.Жеке тұлғаның азық-түлікке жұмсалатын орташа кірісінің өлшері 2004 жылмен салыстырғанда 50,8 пайызға артып, 2006 жылы 9 944 теңгені құрады.

Жалпылай алғанда, біздің әлеуметтік жағдайымыздағы жеткен жетістіктер мемлекеттің әр қазақстандық үшін жасап отырған қамқорлығының жемісі.Сондықтан да, әлеуметтік саладағы жетістіктер еліміздің экономикалық жағдайын жақсартып, дамуына серпіліс берумен қатар, республикамыздың тұрақты даму арқылы әлемдік рейтинг жүйесіндегі орнының сапалық көтерілуіне мүмкіндік жасайды

Be the first to comment on "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.