ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

28 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 26 09 2017 12:43

Әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмеккөрсетілуде

Облыс бойынша материалдық жағдайы төмен отбасылардың басым көпшілігі Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалаларында тұрады.

Отбасының әлеуметтік ауқаты – бала тәрбиесіне, оқу үлгеріміне, бастысы – оның денсаулығына тікелей әсер етеді. Өңірде сондай отбасыларда тәрбиеленетін кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектерге, сонымен қатар көмекке мұқтаж адамдарға және тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орны жоқ азаматтарға ағымдағы жылдың сәуірінен бастап қолдау көрсетілуде.

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасының бастамасымен қандай да бір көмекті қажет ететін азаматтарды және кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектерді қолдауға бағытталған шаралар жүргізілуде. Анықталғандай, азаматтардың дені көбінде жұмыссыздық, баспана және қаражаттың жетіспеуі мәселесіне кезігетін болып шықты. Осы ретте кәмелеттік жасқа толмаған 79  бала тәрбиеленетін 25 отбасыға материалдық және құқықтық көмек көрсетілді. Катон-Қарағай ауданының тұрғыны — 3 немерелі қарияның үйінің шатырын жөндеп берді. Бұдан өзге Зайсан ауданында есепте тұратын бірнеше жасөспірім игі шара арқасында, енді бокс үйірмесіне барады. Бұл көмек балалардың өз күштерін заңбұзушылыққа емес, спортты дамытуға жұмсаулары үшін жасалған. Зайсанның 2 кішкентай тұрғыны «Берекелі отбасы бақытты балалық шақ» акциясы аясында бала-бақшаларға орналастырылды. Шара барысында жағдайы нашар отбасылар саны облыстың өзге аймақтарымен салыстырғанда Өскемен, Семей, Зырян және Риддер қалаларында басым екендігі белгілі болды.

Be the first to comment on "ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.