ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР

383 рет оқылды, 2 пікір жазылды, 26 09 2017 11:36

АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАУ, ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ САПАЛЫ ТҰҚЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДӘНДІ-ДАҚЫЛДАРДАН МОЛ ӨНІМ АЛУ ӘДІСІН ЖОЛҒА ҚОЮ.

 

Осы және егін шаруашылығының өзге де мәселелері Қарғалы ауданында өткен «Егінжай күні» шарасында талқыланды. Бұндай семинар бірқатар қожалық, өсімдік шаруашылығы саласына қатысы бар өкілдер үшін аса маңызды. Дәлірек айтсақ, шараға облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, сондай-ақ, аудандық ауылшаруашылығы бөлімдерінің өкілдері мен аграрлық салаға қажетті заманауи техника шығарушы өндіріс иелері қатысты. Бұдан өзге, семинарға көрші Қостанай облысының да өкілдері келді. Белгілісі, мемлекет басшысы аграрлық секторды экономиканың драйверіне айналуы керек деген міндет жүктеді. Жыл сайын ауыл шаруашылығы саласының дамуына қыруар қаржы жұмсалуда. Агротехнологиялық талаптарды сақтау — ең негізгісі. Көшпелі семинарда Қарғалы ауданындағы «Интер-Агро» және «Дилэнд» серіктестіктерінің егін алқабында қолданылатын заманауи технологияны енгізу жұмыстары таныстырылды. Мәселен, «Дилэнд» барлық заманауи технологияларды сай келетін сегіз мың гектар алқапқа арпа,майлы дақылдар, бидай еккен. Кейбір дәнді дақылдар — ақтөбелік селекционерлердің еңбегінің жемісі.

 

Қазақстан аумағының 29%-ы далалық, 44%-ы шөлді аумақ. Яғни жердің жартысына жуығы шөлді және шөлейтті. Бүгінде жер игеруде ең күрделі мәселенің бірі осы шөлейтті жерлерді пайдалану. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей бұл жерлерді өңдеп, кәсіп көзіне айналдыруға мүмкіндік мол. Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің мәліметінше, елімізде ауыл шаруашылығы дақылдары 21022,9 мың гектар егістікке егіледі. Ал ашық жерде өсірілген көкөністердің егіс алқабы – 139,5 мың га. Ауа райы ерекшелігі мен топырақ құнарлылығына қарай республиканың әр өңіріндегі егістік алқаптарының көрсеткіші әрқалай. Мысалы, Атырау облысында – 6,8 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 488,2 мың га, Маңғыстау облысында 1,6 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Республиканың өзге өңірлерімен салыстырғанда бұл аймақтарда жердің аз игерілуі топырақ жамылғысының қатқылдығы, сортаңды, шөлейтті болуынан. Сондықтан  өсімдік өсіруді дамыту үшін әлемдік тәжірибемен танысып, қолдану қажеттілігі бар.

Бұл үшін не істеу керек?

Шет мемлекеттерде өсімдіктерді тамшылатып суару әдісімен жылыжайларда, сондай-ақ аспалы бақтарда өсіру тәсілі кең қолданыста. Тамшылатып суару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Тамшылатып суаруға арналған құбырлар топырақ үстімен немесе астымен орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, құбырлар арқылы фертигация әдісін, яғни тыңайтқыштарды суға қосып қолдануға да болады. Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз – суды үнемдеу.

2 Comments on "ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ СЕМИНАР"

  1. Would you be all in favour of exchanging links?

    http://www.zvodretiluret.com/

  2. An impressive share, I just given this onto a colleague who was doing a little analysis on this. And he in fact bought me breakfast because I found it for him.. smile. So let me reword that: Thnx for the treat! But yeah Thnkx for spending the time to discuss this, I feel strongly about it and love reading more on this topic. If possible, as you become expertise, would you mind updating your blog with more details? It is highly helpful for me. Big thumb up for this blog post!

    https://thepandemic.wordpress.com/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.