Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. « Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

1 721 рет оқылды, 5 пікір жазылды, 06 10 2017 21:29

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.- Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды жалғастыру, — деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажеттігіне тоқталды.Бірінші. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту. Бұл оқытудың тиімді жүйесін құру және жұмысқа орналастыруға көмектесу, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыру басымдықтары.Екінші. Қолжетімді баспана. Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Ең алдымен, жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз ету туралы мәселені шешу маңызды. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет.Үшінші. Өңірлерді даму. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе.- Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түсті.Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетеді. Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым, — деді Президент.Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет.Бесінші. Кадрлар әлеуетін жақсарту. XXI ғасырда Қазақстанды лайықты алып шығатын жаңа басқарушы таңдаулы топтың негізін құрайтын білікті басқарушылардың саяси класын әзірлеу — маңызды міндет. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне президенттік кадрлар корпусына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту. Сот корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қарастыру қажет. Ағымдағы жылы жаңа Қылмыстық-процессуальдық кодексті, жекеменшік детектив қызметі туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтау қажет. Құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңарту – маңызды мәселе.Жетінші. Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім және денсаулық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Адам әлеуеті деңгейін арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын алға жылжыту болып табылады.Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуі қажет.Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар. Индустриялық-инновациялық даму аясындағы жобалардың әлеуметтік мәні абсолютті. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғытудың басты бағдары болып қала береді. Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері, Атырау мұнай өндіру зауытында мұнайды тереңнен өңдеу кешені, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеуші зауыт, елорданы қосқанда, елдің орталық өңірлерін газдандыруды қамтамасыз ететін құбыр желісі жүйесі және өзге де индустрияландыру және инфрақұрылымдарды дамытудың бірқатар жаңа жобалары анықталды.Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту. Делдалдарсыз бөлшек сауданы мемлекеттік қолдаудың тетіктері енгізілетін болады, бірыңғай астық холдингі құрылды, аграрлық өндірісте жеке инвестицияның тәуекелін төмендету үшін мемлекеттік кепілдендіру жүйесі мен сақтандыру займдары құрылды.Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажеттігін атап өтті. Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тіке шетел инвестициясы ағынын диверсификациялау болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.- Бүгінде күллі әлем және әрбір мемлекет қуатты жаһандық және ішкі қатерлерге жауап табулары маңызды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндетті орындай отырып, біз экономиканы нығайтамыз, қоғамды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз, — деді Президент.Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдік саясатқа лайықты қатысушы ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті, еуразиялық интеграция үдерісін нығайту жолын анықтауға белсене қатысуды жалғастыратынын атап өтті.- Әлеуметтік жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіптік одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттарының қызметіндегі ортақ мәселе. Біз барлық күшімізді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен істер күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндетте жетістікке жету ісіне барынша белсене қатысуға шақырамын! – деді Мемлекет басшысы.

5 Comments on "Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. « Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»"

  1. Your place is valueble for me. Thanks!?

  2. A lot of thanks for each of your efforts on this site. Kim loves participating in internet research and it is easy to understand why. I notice all concerning the compelling medium you offer useful solutions via your blog and in addition increase participation from other ones on that issue plus my simple princess is certainly studying so much. Take advantage of the rest of the year. You are carrying out a terrific job.
    yeezys [url=http://bit.ly/2syCJvs]yeezys[/url]

  3. Needed to draft you a tiny remark so as to say thank you as before relating to the marvelous concepts you have contributed in this article. This has been strangely open-handed with people like you in giving publicly exactly what many individuals would’ve offered for an ebook to generate some profit for themselves, especially now that you could have tried it in case you considered necessary. The pointers also worked as a fantastic way to realize that other people online have similar interest much like mine to learn somewhat more concerning this matter. I know there are thousands of more fun instances up front for people who scan your site.
    nike free

  4. I wanted to create you the bit of remark to help say thank you again for these precious guidelines you have discussed at this time. It was really tremendously open-handed with you to grant easily all that a lot of folks would’ve advertised for an ebook to help make some money on their own, especially considering that you might well have done it in case you wanted. These tips as well acted to provide a great way to comprehend other people have similar fervor really like my own to see a great deal more in regard to this problem. Certainly there are numerous more enjoyable instances in the future for folks who looked over your site.
    true religion outlet

  5. Needed to draft you one tiny note just to thank you so much yet again for all the pleasing opinions you’ve contributed on this website. It has been quite surprisingly generous of you to grant extensively what a number of us would have offered for sale as an e book to earn some dough on their own, precisely seeing that you could have done it if you ever decided. The good ideas as well worked as a easy way to be sure that many people have similar dream much like my personal own to grasp a lot more regarding this condition. Certainly there are numerous more fun periods up front for individuals who start reading your blog post.
    adidas store

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.