ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

139 рет оқылды, 2 пікір жазылды, 09 10 2017 23:53

Шымкенттік 675 отбасы баспаналы болды.
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы шуақты Шымкентте 675 отбасы баспаналы болды. «Нұрсәт» шағын ауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен «Тұран» шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілттерін облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев салтанатты түрде табыстады.
Қоныс иелерін құттықтаған аймақ басшысы халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қалада соңғы жылдары тұрғын үй салу жұмысы қарқын алғанын айтты.
Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 35 пәтерлі қызметтік үйді баспана кезегінде тұрған – мәдениет саласы, әскерилер мен мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер алды.
Ал, «Тұран» шағын ауданындағы 640 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның есебінен салынған. Мұндағы 339 пәтер жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандар арасында бөлінді.
Оңтүстік Қазақстанда 2017 жылы 263 үйдің құрылыс жүргізіліп, жыл соңына дейін 116 үйдің құрылысы аяқталады. Осының нәтижесінде жыл соңында 6000 отбасы баспаналы болады.

2 Comments on "ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫС ЕТІЛДІ"

  1. buying cheap http://online-medications.men/ cheapest prices.

  2. online sales co uk http://online-medications.men/ can i get over the counter.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.