Теңге тағы құнсыздана ма?

183 рет оқылды, 1 пікір жазылды, 09 10 2017 00:38

«Коммерсант» басылымының хабарлауынша, Ресейдің қаржы министрлігі рубльді 10 пайызға құнсыздандыру туралы ұсыныс жасаған. Өйткені рубльдің қазіргі курсы тым жоғары. Алда-жалда Ресей рублі құнсыздана қалса, теңгенің жайы не болады?

«Рубль курсының жоғарғы және төменгі шегін анықтауда Ресей банкі қаржы министрлігінің ұсынысына құлақ асуы мүмкін. Дегенмен, Ресейде курстың тізгінін бұдан да гөрі босата түсу қажет. Менің пайымдауымша, егер рубль 10 пайызға құнсызданса, долларға шаққандағы теңгенің құны 5-7 пайызға арзандайды».

Қаржы сарапшысының бұл пікірімен мәжіліс депутаттары келіспейді. Бұл жөнінде Азат Перуашев жалқыдан жалпыға ойысты. «Ресейдің де, біздің де өз экономикамыз бар. Бір экономикалық кеңістікке қарағанымызбен, салық жүйеміз әртүрлі. Түрлі мемлекетпіз. Бұл күнде Ресей бірқатар мемлекеттермен сауда соғысын жүргізіп жатыр. Қазақстан ешкімге қарсылас емес. Сондықтан бізге ешқандай қысым түспеуі керек» дейді депутат.

Мәжілістегі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев тіпті Ресей рублінің де «тағдырын шешіп» тастады. Оның ойынша, рубльді құнсыздандыруға ешқандай себеп жоқ. Өйткені Ресейдің экономикасы біртіндеп дамып келеді…

Кімге сенеміз? Сарапшыға ма, әлде депутаттарға ма? Ұлттық банк әлі үнсіз. Ең қорқыныштысы сол, қазақстандық шенділер «теңге құнсызданбайды» десе, көп ұзамай-ақ теңгенің тұралап қалатынына етіміз үйреніп барады.

1 Comment on "Теңге тағы құнсыздана ма?"

  1. Unquestionably believe that which you said. Your favorite justification seemed to be on the web the easiest thing to be aware of. I say to you, I definitely get annoyed while people consider worries that they plainly do not know about. You managed to hit the nail upon the top as well as defined out the whole thing without having side-effects , people could take a signal. Will probably be back to get more. Thanks

    http://www.zvodretiluret.com/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.