20 жылдық еңбек өтілі бар азаматтардың зейнетақысына үстемақы қосылады

475 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 09 10 2017 00:35

20 жылдық еңбек өтілі бар азаматтардың зейнетақысына 1 шілдеден бастап үстемақы қосылмақ. Қосымша қаржылай көмектің мөлшері ең төменгі күн көріс деңгейінің 70 пайызы.

Қазіргі таңда оның жалпы құны 25 мыңды құрайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова мәлімдеді. Оның айтуынша 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерлері кезең-кезеңмен артуда. Мысалға бекітілген орташа зейнетақы жыл басынан 9 пайызға көбейген. Шілдеге дейін тағы да 11 пайызға артылатын болады.  Сөйтіп өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға дейін ұлғайту қарасытырылған. Жиын барысында лауазымды тұлға  зейнетақы туралы жаңа заңның өзгешеліктері жайлы бір қатар түсініктеме берді.

«Айтар болсақ, егер азаматтың еңбек өтілі 10 жылдам кем болса ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54 пайыз мөлшерінде зейнетақы алуға құқылы болады. Қазіргі таңда елімізде бұл көрсеткіш 24 450 теңге. Демек 12 802 теңге шамасында аламақ. Егерде 10 жылдан асатын болса мемлекет тарапынан тағы да екі пайыз қосылады. 35 жылдан асып жатса 100 пайыз, яғни 24 450 теңгені толық ала алады».

Be the first to comment on "20 жылдық еңбек өтілі бар азаматтардың зейнетақысына үстемақы қосылады"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.