БОРДАҚЫЛАУДЫҢ БАБЫН БІЛЕДІ

256 рет оқылды, 16 пікір жазылды, 10 10 2017 14:12

Шаруалар жиында бордақылаудағы түйткілді мәселелерді ортаға салып, білген-түйгендерімен бөлісті. Шаруа қожалығындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, бордақылау технологиясын тәжірибеде қолданып көрді. Сонымен қатар, сабақ барысында «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруашылықтарды қаржыландыру жолдары да түсіндірілді. Айта кетейік, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ірі қара мал сатып алуға 1 млн теңгеден 8,5 млн теңгеге дейін несие беріледі. Несиенің мерзіміне келсек, 7 жылға дейін, пайыздық үстемеcі – 6%.

Ұйымдастырушылардың шараны өткізу үшін тап осы ауданды, осы мекемені таңдауы бекер емес. Себебі, Түлкібас облыстағы топырағы құнарлы, шөбі шүйгін аудан. Малшаруашылығын дамыту үшін таптырмайтын мекен. Ал «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС екі жылдан бері ауылшаруашылық саласында жұмыс істеп, асыл тұқымды герефорд және ангус сиырларын бордақылаумен айналысады. Абердин-ангус сиыры етті сиырдың тұқымына жатады. Бұл сиырлар жылдам ет жинап, ашық алаңдарда күтіліп-бапталып, суық ауа райына аса төзімді. Мұндағы сиырлардың салмағы 500 келіден бастап 1 тоннадан асып жығылады. Бұқалардың салмағы 750-1000 келі тартса, 7-8 айлық бұзаулардың салмағы 200 келіге дейін жетеді. Герефорд сиыры – етті сиырдың бір тұқымы. Бұқасының орташа салмағы — 850 келі, сиыр 550-600 келі тартады. Шаруашылық қызметкерлерінің сөзіне сенсек, төлдеген сиырлар 1 айдың көлемінде қайтадан жасанды жолмен ұрықтандырылады екен. Мамандардың есебінше, әрбір сиыр жыл сайын төлдеп отырса, 5 жыл көлемінде мал басын 4-5 есеге көбейтуге мүмкіндік бар.

Бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық жаңа кәсіпті дөңгелетіп отыр. Әу баста Австралия құрлығынан қожалыққа 400 бас сиыр асып келген болса, бүгінде олардың саны 700-ге жетіп жығылады. Алғашқыда олардың басым көпшілігі ұрғашы сиырлар болған және барлығы да буаз күйінде әкелінген.

Мұндағы шаруашылықта жұмыс сапасын реттейтін зертхана бөлімі де заманауи талаптарға сай. Ресей, Қытай елдерінен тапсырыспен алынған қондырғылардың арқасында мамандар мал ұрықтарын сүзгіден өткізіп, өнімділікті арттырып отырады. Қожалықтықтың қора-қопсысы да малға жайлы. Жем-шөп қоры жеткілікті. Оны араластырып, турап, қай азықтың қанша берілуі керектігіне дейін мөлшерлеп отыратын құрылғылар да бар. Серіктестік бүгінде мал басын көбейтіп, жаңадан туылған бұқаларды бордақылап, етін сатып, пайда тауып отыр. Және де мұндағылар асыл тұқымды сиырларды жергілікті ірі-қаралармен будандас­тыруды да жолға қойған. Тіпті кейбір сиырларын қожалық аукцион арқылы да сатылымға шығарыпты. Серіктестіктегілер жыл сайын өздерінің бағу мүмкіндіктерін ескере отырып, сиырларды сатып отырады. Бағасы да қолжетімді. Себебі сатып алушылар шетелден емес, отандық шаруашылықтан сатып алады. Мінеки, осылайша бұл ауданда асыл тұқымды ірі қараның санын арттыру, саланы дамыту ісі табанды жүргізіліп келеді.

16 Comments on "БОРДАҚЫЛАУДЫҢ БАБЫН БІЛЕДІ"

  1. You’re a really beneficial web site; could not make it without ya!
    [url=http://www.socalhardwoodflooring.com/Lorenzo-Tonelli-C-Napoli-P-5973]Napoli Drakt[/url]

  2. Great looking site. Presume you did a great deal of your very own html coding.
    Maglia Bayer Leverkusen Poco Prezzo

  3. I value the content on your website. Thnx.
    Atletico Madrid Trøjer

  4. Incredibly helpful look forth to visiting again.
    Manchester City Tröjor

  5. thank so a lot for your web site it aids a lot.
    Chelsea Tröjor

  6. You’re an extremely useful website; couldn’t make it without ya!
    Maglia Olympique Lyon Poco Prezzo

  7. Wow because this is excellent work! Congrats and keep it up.
    Arsenal Trøjer

  8. Great Web site, Keep up the wonderful work. With thanks!|
    Napoli Drakt

  9. You’re an extremely beneficial website; could not make it without ya!
    fotballdrakter barn

  10. I appreciate perusing your websites. Cheers!
    maglie calcio

  11. Great internet website! It looks extremely good! Maintain the excellent work!
    magliette calcio

  12. Appreciate it for sharing your fantastic web page.
    fotballdrakter barn

  13. Many thanks extremely valuable. Will share site with my buddies.
    Maglie Calcio a poco prezzo

  14. Thanks for the purpose of giving like fantastic knowledge.
    Magliette Calcio Poco Prezzo

  15. Many thanks, this site is really handy.
    fotbollströjor

  16. Terrific content you have got right here. sites:ggglese.com
    maglie calcio poco prezzo

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.