«Сыбаға»

210 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 10 10 2017 14:20

Қарыз мақсаты: заңды және жеке тұлғалар үшін (қожа шаруашылықтары, фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер) – етті тұқымды жас малды қалпына келтіру үшін агроөнеркәсіп кешені субъектілерін ірі қара малдың аналық басын және бұқа-өндірушілерін сатып алуға;

  • негізгі құралдарды сатып алу және жөндеу, айналымдағы қаражатты толықтыру, қарыздың жалпы көлемінің 15% аспайтын сомада.

Қарыз беру шарттары:

  • Қарыз сомасы – 1 млн. теңгеден 18 млн. теңгеге дейін;
  • Несие желісінің мерзімі – 84 айға дейін;
  • Қарыз/транш беру мерзімі:
    — ірі қара малдың аналық басын сатып алуға — 84 айға дейін;
    — асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға — 24 айға дейін;
    — айналымдағы қаражаттарды толықтыруға — 24 айға дейін;
    — негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге — 84 айға дейін.
  • Сыйақы ставкасы – жылдық 6%.
  • Тиімді сыйақы ставкасы – жылдық 6,7% дейін.
  • Негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдетілген кезең:
    — асылды тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға, айналымдағы қаражатты толықтыруға — әр траншты бөлген күннен бастап 12 айдан ұзақ емес;
    — ІҚМ аналық басын сатып алу және негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу мен жөндеуге — әр траншты бөлген күннен бастап 24 айдан ұзақ емес;
  • Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдетілген кезең:
    — ІҚМ аналық басын, асылды тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға және негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге — әр траншты бөлген күннен бастап 12 айдан ұзақ емес;
  • Қамтамасыз ету — Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:

  • Төлеу қабілеті және қаржылық тұрақтылық;
  • Несие өтінішін берген/қаралған күніне бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
  • жағымды несиелік тарихы (несие тарихы бар болса);
  • малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы;
  • азықтық қормен қамтамасыз ету;
  • жайылымдық жерлердің болуы, сондай-ақ бірлескен шаруашылық туралы келісім-шарт бойынша;
  • шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық жағдайдың болуы;
  • жалпы ірі қара малдың (өз және сатып алынатын ІҚМ) ішінде 25%-ы көлемінде өз ірі қара малының болуы. Өз ІҚМ болмауы жағдайында, қарыз алушы сатып алынатын ІҚМ саны құнынан 25% қаражат түрінде тең қаржыландыруын қамтамасыз етуі тиіс.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар:

  • сатып алынатын ІҚМ аналық басының жасы — 12 айдан 48 айға дейін;
  • өз және/немесе несиелік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды бұқа-өндірушілердің болуы, ІҚМ санының арасалмағы: 30 аналық мал басына 1 асыл тұқымды бұқа;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес ірі қара малды бірдейлендіруді (таңбалау, жапсырмалау) және оларға ветеринарлық төлқұжаттар ресімдеуді қамтамасыз ету;
  • лицензиясы бар, бәсекелес және шарт жасасу негізінде қызметін жүзеге асыратын ветеринарлық мамандар есебінен ветеринарлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  • малды бөлшектейтін орын (ІҚМ жеке жұмыс жасауға арналған мал өткізетін дәліз) қамтамасыз ету;
  • асыл тұқым деген және ветеринарлық куәлігі бар ет тұқымды асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алу;
  • бүкіл жас малды — бұқаларды бордақылау алаңдарына өткізу;
  • несиелеу мерзімі барысында аналық мал басы мен етті тұқымды бұқа-өндірушілердің санын қарызға алған қаржыға қамтамасыз ету.

Be the first to comment on "«Сыбаға»"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.