Небәрі бір аптаға жететін бензин қалғанын естіген шымкенттіктер әбігерге түсті

44 рет оқылды, 1 пікір жазылды, 21 10 2017 16:47

Шымкентте небәрі бір аптаға жететін бензин қоры қалған. Сарапшылар жанар-жағармайдың көбіне көршілес өңірлерге кетіп отырғанын айтады. Бұл жағдай өңірдегі сұйық отынның тапшылығына әкеліп соғуы мүмкін.

Ал жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы «Ресейде бензин литріне 200-220 теңге болғандықтан, біз АИ-92 маркалы бензинді 220 теңгеге көтеруіміз керек», — деп айды аспанға бірақ шығарып, жергілікті халықтың наразылығын келтірген болатын.

Артынша-ақ, бұл әңгіме тұрғындар наразылығын тудырды. Бағаға қатысты пікір білдірушілердің барлығы да Қамбаровқа қарсы шықты. Баға дәл сол мөлшерге жететін болса, қара халық жағдайымыздың мүшкіл болғаны дейді.

«2 күн бұрын 153 теңгеден құйғанмын, кеше 156 теңгеден құйдым, бүгін 158 теңге болыпты. Күніге 2-3 теңгеден қосылып жатыр. Енді қарапайым халыққа жұмыс та жоқ. Айналдырған 40 мың теңгемен күн көріп жүрміз», — дейді тұрғындар.

Облыстағы 500 мыңға жуық көліктің 80 пайызын жеңіл машина құрайды. Олар орта есеппен айына 60 мың тонна бензин жағады. Сұйық отын тапшылығын болдырмауға қамданамыз деген билік мәселенің бір ұшы пысықайлардың отынды сыртқа тасымалдауында деп есептейді.

«Жергілікті полиция қызметіне тапсырма беремін. Бізден шығатын Тараз жолы бар, Қызылорда жолы бар, Ташкент жолы бар. Сол жерлердің барлығына есеп жүргізіңіздер. Сіз жаңа бензовозбен тасиды дедіңіз. Егер сол бензовоздар анықталса, жазалаңыздар», — дейді ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев.

Аймақта бензин тапшылығы сезіледі деген сөзді естіген жұрт жаппай жанар-жағармай сататын бекеттерге ағылуда. Салдарынан операторлар қосымша 35 мың тонна сұйық отынға тапсырыс беріпті.

1 Comment on "Небәрі бір аптаға жететін бензин қалғанын естіген шымкенттіктер әбігерге түсті"

  1. Thank you, I have just been searching for information approximately this subject for ages and yours is the best I have came upon till now. But, what concerning the conclusion? Are you certain in regards to the supply? dccddfadkkad

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.