Ғалымдар Сауд Арабиясында тозақ қақпасын таптық деп жар салды

80 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 25 10 2017 20:29

Сауд Арабиясының орталығындағы Хайрат Хайбар облысында шамамен 400-ге жуық түсініксіз құрылым табылған, ғалымдар оған «тозақ қақпасы» деген атау беріп те үлгерген. Ғалымдар бұл құрылымдардың мың жыл бұрын салынғанын анықтадық деп отыр.»Қақпалардың» көбісі спутниктен түсірілген суреттерге сараптама жасау арқылы табылған. Кейбір құрылымдар ертеде сөнген жанартаудың жанында орналасқан.

Бұл жерлерде су болмағандықтан, өсімдіктер мүлдем өспейді екен. Осы дерек археологтардың «тозақ қақпасы» деген атау беруіне себепші болған.  Бұл құрылымдар ғаламшардағы ең ежелгісі болып саналады. Олардың қатты заттардан құралғанын байқауға болады. Алайда ғалымдар «қақпаның» қалай жұмыс істейтіні туралы ештеңе де тіс жарып айта алмады.  Кең «қақпалардың» жанында тағы бір кішігірім құрылыстар бар, олар жануарлар үшін салынған болуы мүмкін екені айтылады.

Be the first to comment on "Ғалымдар Сауд Арабиясында тозақ қақпасын таптық деп жар салды"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.