«Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында ОҚО-ға 28 миллиард 723,2 миллиард теңге бөлiнген

26 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 14 11 2017 11:46

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында ОҚО-ға 28 миллиард 723,2 миллиард теңге бөлiнген,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Оңтүстiк Қазақстан облысы — қашаннан аграрлы өңiр. Облыста 5 миллион 674 мың гектардан астам жайылым, 1 миллион 13 мың гектардан астам егiс алқабы бар. Оның iшiнде 470 400 гектары — суармалы егiстiк. Осынау орасан зор байлықты ел игiлiгi жолында тиiмдi пайдалану — маңызды мiндет. Сондықтан «Агробизнес – 2020» бағдарламасының облыстағы орындалу барысына тоқталмай өту мүмкiн емес. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметтерiне сүйенсек, биыл аталған саланы дамытуға 28 миллиард 723,2 миллиард теңге бөлiнген. Оның 3 миллиард 210 миллион теңгесi республикалық бюджеттен қаралған.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерiнiң несиесi мен лизингтiк мiндеттемелерiнiң пайыздық үстемеақысын субсидиялауға арналған. Бұл бағыттың әкiмшiсi осыған дейiн ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi болып келген. Ағымдағы жылдың екiншi жартысынан бастап бұл құқық жергiлiктi бюджетке берiлуде. Ал, екiншi бағыт бойынша түрлi тауарлар, жұмыстар мен қызметтердiң ауыл шаруашылығы нысандары үшiн экономикалық қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету көзделген. Ағымдағы жылы агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерiнiң инвестициялық салымдар кезiндегi шығынын өтеуге 6 миллиард 125,4 миллион теңге бөлiнсе, есептi кезеңде соның 2 миллиард 227,9 миллион теңгесi игерiлген.

Сондай-ақ, элиталы тұқым мен көшеттiң, жанар-жағармайдың, минералды тыңайтқыштардың, ағын судың қолжетiмдiлiгiн арттыруға, егiлетiн тұқым мен отандық мақта талшығының сапасын анықтайтын сараптамалар өткiзуге, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн терең өңдейтiн кәсiпорындардың шығындарын субсидиялауға қомақты қаржы жұмсалған. Мемлекет тарапынан көрсетiлiп жатқан осынау қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласындағы өнiм көлемi биыл қаңтар-шiлде аралығында өткен жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда 2 пайызға артып, 160 миллиард теңгенi құрады. Мiнеки, осының барлығы жергiлiктi мемлекеттiк органдардың Елбасы тапсырмаларын орындау бағытындағы жұмысының нәтижелi екенiнiң айғағы. Мемлекеттiк бағдарламалардың қай-қайсысының да қабылданған кездегi түпкi мақсаты — халықтың тұрмысының түзелiп, табысының артуына сеп болу. Бiздiңше, мемлекет тарапынан атқарылып жатқан осынау ауқымды жұмыстар жерлестерiмiздiң күнделiктi өмiрiне тек қана оң әсер етуде.

Абай-ақпарат

Be the first to comment on "«Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында ОҚО-ға 28 миллиард 723,2 миллиард теңге бөлiнген"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.