Жыл басынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚФ 642 жобаны қаржыландырған

121 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 14 11 2017 12:15

Досмұхамбет Жораев Мамлют ауданына қарасты Покровка елді мекеніне 2003-ші жылы Өзбекстаннан көшіп келген. Тарихи Отанына оралған қандасымыз жоғары білімін алып, үш жылдай балғындарға информатика пәнінен дәріс берген. Енді міне, биылдан бастап мал шаруашылығымен айналысуды жөн санапты. Нақтырақ айтсақ, ірі қара сатып алып, мүйізділердің санын арттыруда. 

Досмұхамбет Жораев — «Бибінұр» ЖК директоры, Мамлют ауданы:

— Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚФ «Береке» бағдарламасы бойынша 3 млн-ға жуық несие рәсімдедім. Қаржыға 20 бас мал алдым.

Кәсіпкер шөпті өз техникасымен шауып, жинап алған. Ал жемді сатып алыпты. Ауыл тұрғыны бұл ірі қараны келер жылдың көктемінде сойып, етін өңір тұрғындарына саудаламақшы. Жалпы өңірде мал шаруашылығын қолға алып жатқан жандар жетерлік. Мәселен, жыл басынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚФ мал шаруашылығы бағытындағы 206 жобаға несие берген. Жалпы сомасы 543 млн 800 мың теңге.

Ерік Аубокиров — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚФ бас несие менеджері:

— Біз жыл басынан барлығы 642 жобаны қаржыландырдық. Жалпы сома 2 млрд 283 млн теңге. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 303 жоба мақұлданды. Аталмыш бағдарлама арқылы қаржы алу үшін аудандағы жұмыспен қамту орталығына жүгініп, арыз жазу қажет.

Жалпы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚФ-нан несие алу көрсеткіші бойынша Қызылжар ауданы көш басында. Бұл ауданның елді-мекендерінен 39 жоба қолдау тапқан.

Риат Шони, МТРК ТА

http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/34-news-mtrk/22687-543-milliona-tenge-na-razvitie-zhivotnovodstva.html

Be the first to comment on "Жыл басынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚФ 642 жобаны қаржыландырған"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.