Қазығұрттық шаруалар зауыттарға жеткізілетін сүт көлемін екі есе арттырмақ

48 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 14 11 2017 12:26

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында мал сою, сүт қабылдау бекеттері мен қарқынды бау өсіру және жеміс жидек қабылдау бекеттері сынды жалпы 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған. Оның 19 өткен жылы құрылса, ал биыл 21 кооператив құрылған. Бүгін аталған кооперативтердің жұмысымен БАҚ өкілдері облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде танысып қайтты.

Сондай кооперативтердің бірі Шарапхана ауылдық округіне қарасты Махамбет Өтемісұлы ауылындағы «Қаратас» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Өткен жылдың соңында құрылған сүт шаруашылығымен айналысатын кооперативтің бүгінде 117 мүшесі бар.

Біріккен күш бірегей табысқа жетелейтінін айтқан шаруалар кооперативке бірігудің арқасында мемлекеттен тиісті қолдау көмектер алып, шауашылықтың өрісін кеңейтіп жатқанын жеткізді.

«Егістігіміз бен мал жайылымдық жеріміз ыңғайлы болғандықтан сүт шаруашылығын дамыту бойынша 117 ұсақ шаруашылықты біріктіріп кооператив құрдық. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 30 мүше 130 млн теңге көлемінде несие алды. Оған сауынды 700 бастай ірі қара мал алып, олардан күндігіне 1 тоннадан астам сүт алып отырмыз», — деді «Қаратас» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Мақсат Арапбайұлы.

Алдағы уақытта тәулігіне 3 тонна сүт алуды жоспарлап отырған шаруалар құны 5 млн теңге болатын сыйымдылығы екі тонналық модульді сүт қабылдау бекетін сатып алған. Оның 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланған. Сүт сақтауға арналған танкер, арнайы зертхана, тоңазытқышпен жабдықталған. Бұған дейін, кооператив сүтті «ФУД МАСТЕР» ЖШС-нің орнатқан сыйымдылығы 1,2 тонналық танкерде сақтап келген.

Енді жаңадан орнатылған модульді сүт қабылдау бекетінің арқасында шаруалардың табасы еселеніп, аудандағы сүт өндірісін өркендетуге септігін тигізбек. Мұндағы өндірілген өнім «ФУД МАСТЕР» серіктестігіне майлылығана қарай литірі 80-85 теңгеден өткізіліп отыр.

Аграрлы аймаққа жататын таулы өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға жылда ерекше назар аударып отырамыз деген аудан әкімі Төлеген Телғараев өткен жылы ауыл шаруашылық өнім көлемі 29 млрд теңге болса, осы жылы 32 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр екен.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

HTTP://ONTUSTIK.GOV.KZ/KK/NEWS/KAZYGURTTYK-SHARUALAR-MODULDI-SUT-KABYLDAU-BEKETIN-ORNATU-ARKYLY-SUT-ONIMIN-EKI-ESEGE-ARTTYRMAK

Be the first to comment on "Қазығұрттық шаруалар зауыттарға жеткізілетін сүт көлемін екі есе арттырмақ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.