ДОСЫМ ҰЛАСБЕККЕ ХАТ

1 468 рет оқылды, 20 пікір жазылды, 10 12 2017 09:49

Міне, досым, жақында Алланың қолдауымен кезекті Тәуелсіздік Күнін атап өту бұйырып тұр. Еліміз үшін ең қымбат мейрам — әрине, осы күн. Ал біздер үшін, жастық кезін кафе-ресторан емес, азаттық күресіне арнағандар үшін, екі күннің бірінде совет өкіметінің қысымын көргендер үшін бұл күн – біздің тағы бір туған күніміз. Себебі, егер Совет Одағын құлата алмасақ, Совет үкіметі бізді құлатар еді, итжеккенде не түрмеде шірітер еді. Сол кездері Қазақстанның бес қаласында жастар Азаттық күресін ұйымдастырып, оған белсене қатысты. Алматыда «Азамат» жастар ұйымы құдайдың құтты күні не бас прокуратураны блокада жасап, не Кировтың ескерткішін арқандап құлатып советтің элементтерімен жұлқысып жататын. Басшысы Ебейсін. Шымкентте «Қазақ Тәуелсіз Жастар Одағы» құрылып, «Қазақстан Компартиясы мен комсомолы – совет империясының төбеттері», «Жасасын Тәуелсіз Қазақ Республикасы», «Біз – желтоқсанның жалғасымыз» сияқты басты ұрандармен Техтың «Фонтанын» Қазақтың Гайд-паркіне айналдырып, митингілетіп, шерулетіп, митингілерде комсомолдық билеттер мен партбилеттерді өртеп, милиция мен райком, обкомдардың есіктері мен терезелеріне «листовкалар» жабыстырып, ресми жиналыстар жасап, қырғын боп жататын едік. Басшысы мен едім. Орал мен Талдықорғанда жастардың аты бар, структурасы бар, көсемі бар ұйымы болған жоқ, олар бізді қолдаумен айналысып жатты. Целиноградта «Парасат» атты жастар ұйымы бас көтеріп, Целиноградтың атын қазақшалауды, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялауды, Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауды талап етіп жатты. Жарайды ғой,  Алматы мен Шымкенттің жастарын түсінуге болатын еді – қазақ қауымы бұл қалаларда баршылық болатын. Ал студентінен басқа қазақтың исі жоқ жерде қазақ құқығын талап етушілерді, яғни сендерді, Ұласбек, ол кездері «көзсіз ерлік» жасап жүрген батырлар деп бағалаушы едік. Сендер қайтпайтын қайсар едіңдер. Қалай қорықпадыңдар? Кімге сендіңдер? Қылышынан қан тамған қызыл империяға қарсы шығуға рухты қайдан алдыңдар? Ақмоланың жастары.. «Парасат» жастар ұйымы… Өз перзенті — Қазағынан айрылып көкірегі қарс айрылған киелі жер-ана — Сарыарқаның төсінде Ұлт құқығын талап етіп, о дүниедегі милилондаған әруақты егілтіп, еңіретіп, қуаныштан аунатып, разылығын алған, саны аз болғанмен рухымен күшті болып, өзін тыңдата алған қазақтың жас жолбарыстары… Бір екі рет өкілдерің біздің шақыруымызбен Шымкентке келіп кеткен. Біздікілер де сендерге барған. «Парасаттың» Көсемі сен едің. Ол кезде көсем болу…  Ол кезде Азаттық күресін басқару  үшін жай ғана талантты басшы болу аз еді. Алып монстр – СССР-ге қарсы шығу үшін ол кезде бір ғана шарт басты еді — ел күресті бастап шыққан тұлғаның батылдығы мен батырлығына, оның идеяға деген шексіз сеніміне, сарбаздарын тастап қашпайтынына шексіз сенуі керек еді. Яғни, басшы емес, Алла мен әруақтан күш алған ерекше  харизмалы тұлға — Көсем болуы керек еді. Басқаша болса — ел ермес еді. Мен ғой, тым болмаса ең үлкен институттың комсомол ұйымының басшысы едім, кабинетім, телефоным, жастарға баруға құқығым бар еді. Ал сен жай ғана студент едің… Саған қиын еді… Ертең ұтылсақ, қазағы жоқ Целиноградтың «балдары» бірінші атылатын шығар деп, сендерді ойлап мұңаюшы едік. Айдар Әлсейітов, Әділ, Ғани Ташқараев, Бақыт Омарханов, Наташа Теплова, Сәкен Нақбаев, Серік Байназаров, Көпжан Бақбергенов, Петро Мирошниченко, Жұмаділ Алдияров, Айдар Қаратаев, Ұлбосын, Гүлиана, Динара, Ақтолқын, жүздеген жігіттер, қыздар… Жеңеміз деп ойламаушы едік. Тек ана Прибалтика мен Украина күресіп жатқанда, біз қарап қаламыз ба? Әрине, ұйымдастырылған зүлматтардан қырылып, өз елінде азшылыққа айналған сорлы елімізге Азаттық қайдан болсын. Тек намыс үшін, қазақтың бар екенін білдіру үшін, ұлтымыздың өшіп бара жатқан рухын бір оятып, бір жарқ еткізу үшін күресеміз деп ойлағамыз… Осы күресте өлімге де даяр болған соң, әрекеттеріміз де өткір боп жататын. Азаттық жаулары, совет билігі бізді ресми газеттерде «қазақ фашистері», «экстремистер», «ұлтаралық достықтың дұшпандары», «халық жаулары» деп айыптап жататын. Қолдан келген «иттіктерін» де жасап жататын. Бір рет «скорая помощь» машинасымен басып өлтірмекші болды. Бір рет психбольницаға алдап түсіріп, жоқ қып жібермекші болды. Психбольницаның бір қарт дәрігері қорқынышты шындықтың бетін ашып, қуып жібермесе, досым Серік Байназаров кішкене баладай ғып қолына алып көтеріп, апталап таныс дәрігер көкесінің үйіне апарып жүріп, ішіп үлгірген у-дәрінің уытын қайтартпаса, бұл күнге жетпес те едім-ау, досым. Бүгіндер Ебейсін жоқ. Батыр досымыз, күліп жүріп, өмірін шүберекке түйіп жүріп, «көзсіз де ессіз» ерліктерін жасап жүре беретін асыл досымыз, көсем досымыз, ақын досымыз, батыр досымыз арамызда бүгін жоқ, Ұласбек. Иманғали Тасмағамбетов, Әміржан Қосановтармен араласушы еді. Ебейсінмен бірге тағы бір асыл тұлға — ол кезде президенттің бірінші көмекшісі Иманғали Тасмағамбетовтың пәтеріне  барып, шайын ішіп отырып сағаттап дискуссия жасайтынбыз. Бірге Тәуелсіздікті армандайтынбыз. Иманғали ағамызды қатты тірек тұтатынбыз. Ееее…. Талай досымыз о дүниелік бүгінде… Күндіз қақаған аязда батырлық жасап, кешке оңашада «қара бауыр қасқалдақты» тыңдап… Есіңде шығар ондай сәттер… «Уа, тәкаппар дүние, Маған да бір қарашы, Танисың ба сен мені, Мен Қазақтың баласы… » — деп арпалысқан біздердің Алла ниетімізді көріп, Алпауыт Зұлымдық иесі- Совет Одағы құлап, еліміз бостандық алды. Ел басына ақылды көсем келіп, еліміздің еңсесін тіктеп, іргесін жөндеп, шынымен-ақ тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын жасап, бұ дүниеде қазақ мемлекетін салмақты, сыйлы, құрметті мемлекетке айналдыра алды. Көшелеріне машина сыймайтын қазақтың қалалары… Жүрегіңді елжіреткен, қазақтың әншілері… Өз гербіміз, өз Туымыз, өз Астанамыз..  Арманымыз орындалды. Бүгін досым, сен облыс әкімінің орынбасарысың. Жай ғана емес. Оттан өткен, оқтан өткен, тар жол, тайғақ кешуден өткен, өмірдің барлық сабағын алған ірі тұлғасың. Облыс әкімінің сенімді тірегісің. Қазақ мемлекеті мен қазақ қоғамының көрнекті қайраткерісің. Азаттық Күресінің Ардагерісің. Қиын сәтте арыстандай ақырып, қазақтың бар екенін көрсете алған, жүрегінде Оты бар жастарды ертіп, ұлтыңның азаттығы үшін майдан құрып күрескен, құмға гүл өсіріп мұзға жалын жаға алған Сардарсың, көсемсің. Мынадай, екеуміз үшін, сол кездері бізге сеніп артымыздан ерген жүздеген қазақ жігіттері мен қыздары -асыл достарымыз үшін ең қымбат, ең киелі мейрам күні, Саған Достым, денсаулық тілеймін. Отбасыңда Бақыт тілеймін. Тектіден туған текті ұлдарыңның Сенің жолыңды қуғанын тілеймін. Қасиетті Қазақ Мемлекетінің мүддесі үшін тірлікте әрқашан мерейің үстем болып, табыстарға жетіп, үлкен биіктерден көріне беруіңді тілеймін.

Мұхтар Мұхамбетжан

Бұрынғы «Қазақ Тәуелсіз Жастар Одағының» басшысы

20 Comments on "ДОСЫМ ҰЛАСБЕККЕ ХАТ"

  1. Мухтар рахмет досым. Талай нарсени еске тусирдин. Ол кездин талабы озин, биз секилди жастардан соны кажет етти гой. Себеби ол кездеги саясаттын ары карай жалгаса беруи мумкин еместигине коз жете бастады «неге» деген кокейде сурактар кобейе берди. Неге казак тили оз жеринде томендеп барады, Неге ауылда оскен,казак тилинде мектеп битирген турса да жатса да уйыктап жатып тус корсе де казак тилинде сойлейтин бала жогарга билим аларда (пединиституттан) баска толык орыс тилинде оку керек. Неге казак тилиндеги бала бакшалар мен мектептер саны азайып жатыр. Неге биздин улкен коке, аталарымыз немерем бир ауыз казакша билмейди орысша акцентсиз сойлейди деп мактаныш етип журди, Неге елимиздин солтустигинде туратын жергиликти бауырларымыздын басым копшилиги оз ана тилин мулдем умытты. деген «негелер» тым кобейп кетти. Жалтактау, каймыгу деген типтен болмаган. Себеби алга койган максатымыздын дурыс екенине титтей де куманимиз болган жок. Елимиз егемен болсын деуде,казак тилине мемлекеттик мартебе берилсе деуде,Акмола атын кайтаруда, оку орындарында казак болимдеринин ашылуына,Акмола каласында казак драма театрынын ашылуына,мадени ис шаралардын казак тилинде де отуине,Акмоладан алгашкы Мешит салынуына,сол кездеги (Тынгерлер) казирги конгресс холда уш мын адамды жинап Желтоксон окигасынын Республикада алгаш рет торт жылдыгын атап отуде,репроессия курбандары жерленген кала ортасындагы караусыз калган зияратты калпына келтруде тагы сол сиякты коптеген истерди аткаруда Парасаттын белсендилери Серик Нурсагатов,Бакыт Ермаханов,Тогайбай Рысбеков,Мурат,Дарын,Примбай,секилди улт жанды жигиттер мен Жумакул,.Гулжан,Кубажай,Замзагул сиякты кыздар жане де бизге акылын берип зандылыктан таймай камал бузар талабымызды дурыс арнага багыштай билген улт патриоттары Жанкелди Шымшыков,Елтай Шаханов,Тимур Альтаев сынды агаларымыз болды. Ишки жан дуниемизбен улт патриоты болуга тырыстык кой досым. Мине бугин сол армандаган тауелсиздигмиздин жиырма алтыншы жылын мерекелеп отырмыз. Осы ширек гасырдан астам уакытта елимизди канаттыга кактырмай,тумсыктыга шоктырмай,Казакдеген ултты, Казакстан деген мемлекетти алемге танытып,Улы даланын Улы кошин бастап келе жаткан Елбасы Нурсултан Назарбаев. Мен 1992 жылдан мемлекеттик кызыметте болып Президент командасында кызымет етип келе жатканымды мактан тутамын. Озинди де ел Тауелсиздигинин 26 жылдыгымен куттыктаймын. Али де елге, когамга,кейнги жастарга берерин мол озин аман бол. Уласбек кой.

  2. Бұл тарихта қалатын істер.

  3. I am so happy to read this. This is the type of manual that needs to be given and not the accidental misinformation that is at the other blogs. Appreciate your sharing this best doc.

    http://www.zvodretiluret.com/

  4. I happen to be writing to let you be aware of of the remarkable encounter my friend’s girl undergone going through the blog. She came to understand such a lot of things, most notably how it is like to possess a marvelous helping nature to make many others effortlessly grasp a number of tricky matters. You actually surpassed my expectations. Many thanks for showing those informative, dependable, revealing and also cool guidance on your topic to Kate.
    nmd uk http://ix.sk/hQpQG

  5. I was very pleased to seek out this net-site.I wanted to thanks on your time for this wonderful learn!! I definitely having fun with every little little bit of it and I’ve you bookmarked to check out new stuff you blog post.
    yeezy shoes http://www.yeezysshoes.us.com

  6. Would you be all for exchanging links?
    nike cortez http://www.nikecortez.us.com

  7. you may have a great blog right here! would you like to make some invite posts on my blog?
    nike huarache http://www.nikeairhuaraches.com

  8. You need to participate in a contest for the most effective blogs on the web. I’ll advocate this site!
    adidas eqt http://www.adidas-eqt.us.com

  9. I and also my pals have been looking at the great helpful tips located on your web blog and so then I got an awful suspicion I had not expressed respect to you for those secrets. These men came absolutely stimulated to read through them and have now quite simply been using these things. Appreciate your indeed being indeed helpful and then for selecting this form of outstanding guides millions of individuals are really eager to be informed on. Our sincere apologies for not expressing appreciation to you earlier.
    adidas nmd http://tropaadet.dk/nmds

  10. The subsequent time I learn a blog, I hope that it doesnt disappoint me as a lot as this one. I mean, I do know it was my option to read, however I truly thought youd have something interesting to say. All I hear is a bunch of whining about one thing that you might repair for those who werent too busy looking for attention.
    ferragamo belt http://www.ferragamobelt.us

  11. I found your blog web site on google and examine just a few of your early posts. Proceed to maintain up the superb operate. I simply extra up your RSS feed to my MSN News Reader. Looking for forward to reading extra from you in a while!?
    michael kors handbags http://www.michael-kors-handbags.com.co

  12. Good post. I learn something tougher on different blogs everyday. It will always be stimulating to read content material from different writers and observe slightly one thing from their store. I抎 prefer to use some with the content on my weblog whether or not you don抰 mind. Natually I抣l give you a link in your internet blog. Thanks for sharing.
    curry 5 http://www.curry5.us.com

  13. Good day! I simply want to give a huge thumbs up for the nice information you have here on this post. I will be coming again to your blog for more soon.
    jordan shoes http://www.michaeljordanshoes.us.com

  14. There is noticeably a bundle to find out about this. I assume you made certain good factors in features also.
    jordan 4 http://www.jordan4.us.com

  15. I simply wished to thank you very much once more. I do not know what I might have used in the absence of those ways shown by you relating to such a field. It actually was a very terrifying concern for me, however , considering your professional technique you resolved the issue made me to weep with gladness. Extremely thankful for this service and wish you recognize what an amazing job you were putting in educating many others via your websites. I know that you haven’t come across all of us.
    Adidas NMD New Camouflage Main Green White http://www.adidas-nmds.us.com/adidas-nmd-new-camouflage-main-green-white-p-539.html

  16. There are some interesting points in time in this article but I don抰 know if I see all of them center to heart. There is some validity however I’ll take hold opinion till I look into it further. Good article , thanks and we want more! Added to FeedBurner as properly
    hermes belt http://www.hermes-belt.us.com

  17. I have to convey my gratitude for your kindness in support of men and women who need assistance with this field. Your personal commitment to getting the message across ended up being remarkably informative and have continually encouraged girls much like me to realize their pursuits. Your amazing invaluable help denotes a whole lot to me and even further to my office workers. With thanks; from all of us.
    yeezy boost http://bit.ly/2rRi70q

  18. I used to be more than happy to find this net-site.I wanted to thanks on your time for this excellent read!! I undoubtedly enjoying every little little bit of it and I have you bookmarked to check out new stuff you weblog post.
    true religion outlet http://www.truereligion-outlets.us.com

  19. The subsequent time I learn a blog, I hope that it doesnt disappoint me as a lot as this one. I mean, I do know it was my option to read, however I truly thought youd have one thing fascinating to say. All I hear is a bunch of whining about something that you could fix if you happen to werent too busy searching for attention.
    moncler outlet http://www.monclersoutlet.us.com

  20. I was more than happy to seek out this web-site.I wanted to thanks in your time for this glorious read!! I definitely having fun with every little little bit of it and I have you bookmarked to take a look at new stuff you weblog post.
    yeezy boost http://www.yeezy-boosts.us.com

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.