ОҚО-да ауылда қызмет етемін деген дәрігерлерге миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі

26 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 20 12 2017 22:28

Қазақстан Республикасы Президентінің үндеуімен ауылды жерлерге жас мамандарды жіберіп, оларды жерсіндіру, бұл үшін оларды үймен, жұмыспен қамтамасыз етіп,  олардың ауылда өз еркімен  қалуына жағдай жасау мәселесінде айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Мысалы, ауылға барып, өз қызметін ауыл тұрғындарына ұсынуға дайындық білдірген жастарды  ақшалай демеу туралы шешімді Оңтүстік Қазақстан облыстық  мәслихатының  депутаттары қызу  құптады. Қаражат 2018 жылдың 1 қаңтарынан төлене бастайды. Дәрігерлерге қойылатын жалғыз талап – жас маман 5 жыл ауылда қызмет етуі тиіс. Бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, өңірде педиатрлар, неонатологтар мен реаниматологтар сияқты мамандық иелері  жетіспейді. Сонымен қоса қазір оларды баспанамен қамту мәселесі де қаралып жатыр. Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – Келесі жылдан бастап жас мамандарды, мейлі  дәрігер, мейлі мұғалім болсын,  аудандық, ауылдық жерлерде  пәтермен қамтамасыз ету мәселесі әкімдерге тапсырма ретінде берілген. Себебі, ауылға тұрақтамай, келісілген уақыт біте салысымен  ауылдан кетіп қалушылардың көбеюінің басты себептерінің бірі — пәтер жоқтығынан болып отыр.

 www.24.kz

Be the first to comment on "ОҚО-да ауылда қызмет етемін деген дәрігерлерге миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.