ОҚО-да балық шаруашылығы қарқын алып келеді

9 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 20 12 2017 22:23

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында балық шаруашылығы қарқын алып келеді. Мәселен, Шаян өзенінің бойындағы бос жатқан 5 гектар жерді алған кәсіпкер өз қаржысына балық асырау бұғатын ашқан. Әрі жергілікті жердің 7 азаматын жұмыспен қамтып отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған екі бассейнге 50 мың сазан мен мөңке балық жіберіледі. Алдағы уақытта мұның санын көбейту ойда бар. Жоба бойынша бұл маң демалыс аймағына айналмақ. Елнұр Шыңқожаев, кәсіпкер:  – Келесі жылдары мұнда енді демалыс орнын салсақ дейміз балаларға. Аллея салынса, киіз үйлер тігіліп, елдің игілігіне пайдаланса деген жоспарымыз бар.  Нұрғали Айтбеков, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары:  – Алдағы кезде де осы шаруашылықтарды дамыту үшін Қапшағай су қоймасы бар, бұдан кейін Сарқырама су қоймасы салынайын деп жатыр. Жамбыл су қоймасы бар. Осылардың барлығында балық өсіруді қолға алу жөнінде үлкен тірліктер бағдарламалар жасалынып жатыр.

www.24.kz

Be the first to comment on "ОҚО-да балық шаруашылығы қарқын алып келеді"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.