ОҚО-да жиһаз фабрикасы іске қосылды

80 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 20 12 2017 22:41

Оңтүстік Қазақстан облысында еуропалық стандартқа сай жиһаз жасайтын фабрика іске қосылды. Ірі нысанның құрылысы бас-аяғы бір жылда аяқталды. Жоба құны – 506 млн теңге. Оның 300 млн теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алған. Фабрикаға қажетті жабдықтар Германия, Албания мен Қытайдан әкелінді. Заманауи қондырғыларда сапа менеджменті мен экологиялық талапқа сай жиһаз жасалады. Ламинатталған ағаш тақталар әп-сәтте интерьер бұйымына айналады. Фабрика жылына 4 мыңға жуық бұйым жасауды жоспарлап отыр. Жұмсақ жиһаз, кереуеттер, асхана мен қонақ бөлмесіне арналған жиһаз түрлері еліміздің өзге өңірлерінде де сатылатын болады. Жаңа кәсіпорынға 70 адам жұмысқа орналасты. Әбдімәлік Рахманқұлов, жиһаз фабрикасының директоры: – Сатылым көлемі артса, адамдарға тұрақты жұмыс болады. Зауыт тұралап қалмайды. Сондықтан экспорттың әлеуетін арттыруымыз керек. Орта Азия мен Ресей нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Клиенттер базасын құрып, барлық жаққа сатылымға шығарамыз.

www.24.kz

Be the first to comment on "ОҚО-да жиһаз фабрикасы іске қосылды"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.