ОҚО-да шаруаларға модульді сүт қабылдау бекеттері табысталды

23 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 20 12 2017 22:39

Оңтүстік Қазақстан облысында іріленген 10 ауыл шаруашылығы кооперативіне модульді сүт қабылдау бекеттері табысталды. Заманауи қондырғылармен жабдықталған кешен Шымкентте құрастырылған. Бекет арнайы зертхана мен сүт сақтауға арналған сыйымдылығы екі тонналық танкер және тоңазытқышпен жабдықталған. Отандық құрылғының тағы бір ерекшелігі – шағын электр стансасының көмегімен кез келген жерде жұмыс істей береді. Бұл әсіресе шалғай ауылдар мен тау бөктеріндегі шаруа қожалықтары үшін қолайлы болып тұр. Өйткені тез бұзылатын сүтті ұзақ мерзімге сақтап, қалаған уақытта өткізуге мүмкіндік береді. Оған қоса бекетке кеткен шығынның жартысын мемлекет шаруаға қайтарып береді. Сондай-ақ өткізген ағарғанның әр литріне 10 теңгеден субсидия бөлінеді. Өңір шаруаларын қолдау үшін биыл ел қазынасынан 3,2 млрд теңге берілді. Аймақта 55 мыңнан астам шағын қожалық бірігіп, 596 копператив құрылды. Оның басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Өңірде 33 сүт қабылдау бекеті жұмыс істейді. Миразиз Мирсидиков, «Болашақ нұры» шаруа қожалығының төрағасы: — Халықтан жиналған сүт көпшілік алып келген соң тез арада суытпайтын болса зауыттар алып кеткенше ашиды. Сондықтан бұл тиімді. Ішінде лабораториясы бар.Сүттің майлылығын,суы бар-жоғын,қышқылдығын тексеріп береді. Нұржігіт Мырзахметов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы: — Бізге 15 сүт қабылдау бекетін құру тапсырылса, қазір екі есеге 33-ке жеткізіп отырмыз. Мұнымен тоқтамаймыз. Мал сою бекеттерін ашуға да жағдай жасаудамыз. Мемлекет тарапынан сүт қабылдау бекеттеріне 5 млн 100 мың бөлінсе, соның 50%-ын субсидиялап, 2,5 млн теңгесін шаруаларға қайтарып беріп жатырмыз.

www.24.kz

Be the first to comment on "ОҚО-да шаруаларға модульді сүт қабылдау бекеттері табысталды"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.