ОҚО-да қуатты биогаз қондырғысы іске қосылды

9 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 20 12 2017 22:18

Оңтүстік Қазақстан облысында Орталық Азияда теңдесі жоқ, қуаты 0,5 МВт болатын биогаз қондырғысы іске қосылды. Бұл ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде өңірдің басты жобасы ретінде таныстырылған еді. Жоба Елбасының жаңа энергетиканы дамыту тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Мамандар биогазды жағу арқылы одан сағатына 500 киловатт электр қуатын өндіріп жатыр. Мұндағы биогаз қаланың шайынды суының сүзілген шөгіндісінен алынады. Кешендегі қондырғылар Чехияның жаңа технологиясы негізінде жасалған. Ол қалдықтарды өңдеу арқылы тәулігіне 300 текше метр метан газын өндіреді. Анарбек Орман, жоба жетекшісі: — Әлі де болса атқарылатын жұмыс көп. Екінші кезеңі бар. Сағатына 200-300 киловатт қосымша электр энергиясын аламыз деген жоспар бар. Бұл жобаның тиімділігі орасан. Ең әуелі қоршаған ортаны ластамайды. Қазіргі таңда кәсіпорында 20 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Игорь Гасанов, шөгінділерді өңдеу цехының басшысы: — Біз қоршаған ортаға келтірер ауыртпалықты азайтамыз. Бұрындары шөгінді өңдеуде экологияға зияны тиетін. Енді шөгінділерді жылу мен электр энергиясын өндіру үшін пайдаланамыз. Жобаның құны 2 миллиард теңгені құрайды. Мұндағы мақсат – энергоресурстарды барынша тиімді пайдалану. Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

www.24.kz

Be the first to comment on "ОҚО-да қуатты биогаз қондырғысы іске қосылды"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.