ОҚО диқандары 200 мың тонна жеміс-жидек пен жүзім жинады

70 рет оқылды, 2 пікір жазылды, 20 12 2017 22:22

Оңтүстік Қазақстан облысында алманың кеш пісетін сұрпы жиналып бітті. Биыл өнім мол болып, 200 мың тоннадай жеміс-жидек пен жүзім алынған. Бұл былтырғыдан 20 пайызға көп. Мамандар мұны тек қолайлы ауа райы ғана емес, диқандардың озық технологияны қолданғанынан екенін айтады. 40 гектар аумаққа бау еккен мына шаруашылық соңғы өнімдерін жинап жатыр. Сұраныс алманың қандай сорттарын егуді үйретіпті. Ерте пісетін баудың алмасын жаздың алғашқы айында жинап, бірден базарға шығарады. Бағасы қымбат болған соң. Оны негізінен Ресей мен еліміздің солтүстік облыстарына жібереді екен. Ал күздік сорттарды жинап, қоймаға сақтап қояды. Мұрат Әбдібаев, шаруашылық жетекшісі: — Кешкі сорттарымыз шетелден келіп жатқан алмалардың орнын басады. Дәмі де, түрі де әдемі. Бірақ біздің алмалардың бағасы шетелдікіне қарағанда төмен. Мұрат Әбдібаев шетелдік өнімді толық болмаса да өзіміздің алмамен алмастыруға болатынын айтады. Өнімділікті озық технологияны қолданып арттырыпты. Тамшылатып суарады. Сосын қарқынды бақтың аумағын көбейткен. Оған мемлекет тарапынан да көмек бар. Өңірде қарқынды бауға басымдық берілген. Ергешбай Әбішев, Сарыағаш ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары: — Басымдық беріп жатқанымыз өнімді мол береді ғой. Биыл егілсе, ендігі жылы өнім береді. Үшінші жылы жақсы, 5 жылда толық өнімге кіреді, бауымыз қарқынды. Ал бізде 1 931 гектар жүзім болса, 1 400 гектар өнім беріп жатыр. Биыл ғана Оңтүстік Қазақстан облысында 800 гектар алқапқа қарқынды бау отырғызылып, жалпы аумағы 2 800 гектарға жетті. Сарыағаш ауданында жүзімнің әр гектарынан 100, ал алмадан 90 центнерден өнім жинады. Сөйтіп аудан ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаудан облыста бірінші орынға шықты. Енді өңірде азайып кеткен жемістерді өсіру қолға алынып жатыр. Сейітжан Әзбергенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы: — Жаңғақ, бадам, олардың егіс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл 59 гектар жерге жаңғақ егілді. Ол нарықта жоғары сұранысқа ие болып тұр. Диқандар өнімді қысқа сақтау мен оны терең өңдеуге назар аударып отыр. Биылдың өзінде үш жеміс сақтайтын тоңазытқыштың құрылысы басталды. Авторлары: Әбдез Рахманұлы, Нұрмахан Мұсатов

 www.24.kz

2 Comments on "ОҚО диқандары 200 мың тонна жеміс-жидек пен жүзім жинады"

  1. buy in perth australia http://online-medications.men/ price without insurance.

  2. online no prior prescription canada http://online-medications.men/ buy tablets australian.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.