ОҚО-ның аймақтағы ірі көлік-логистикалық хаб болатын мүмкіндігі бар

116 рет оқылды, 6 пікір жазылды, 20 12 2017 22:26

Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтағы ірі көлік-логистикалық хаб болатын мүмкіндігі бар. Өңірге жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 92 гектар жерге орналасатын «Оңтүстік» көлік-логистикалық кешені 30 мың тонна құрғақ жүк сақтап, өңдейтін болады. Бұл жоба әрі қарай да дамытылады. Сондай-ақ өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оған қажетті құрылыс материалдарының дені осында өндіріледі. Асқар Мамин жоғары сапалы кірпіш шығаратын кәсіпорын жұмысымен де танысты. Қазір «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 364 үй салынуда. Алдағы бес жылда 6 816 арендалық пәтер қолданысқа берілмек. Ал Шымкент халықаралық әуежайының қалайша қайта құрылатыны 10 күннің ішінде белгілі болады. Ол үшін жұмыс тобы құрылмақ. 1968 жылы ашылған нысан заманауи талаптарға сай келмей тұр. Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары: — Нақты шешім қабылдауымыз керек. Әуежайды осы орнында ары қарай дамытамыз ба, әлде инфрақұрылымын тартып, жаңа орынға ауыстырамыз ба? Бұл жерде жеке инвесторлардың ұсынысын да ескеріп, тиімді тоқтамға келеміз.

www.24.kz

2 Comments on "ОҚО-ның аймақтағы ірі көлік-логистикалық хаб болатын мүмкіндігі бар"

  1. lowest price canada http://online-medications.men/ best price.

  2. tablets online shopping http://online-medications.men Where can I buy online in the uk.

4 Trackbacks & Pingbacks

  1. writeaessay
  2. Cialis 20mg
  3. Buy cialis
  4. Cialis coupon

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.