РУХ НҰРЫНАН ШАШУ ШАШҚАН ЖАНСЕЙІТ АҒАМЫЗ ТУРАЛЫ

575 рет оқылды, 10 пікір жазылды, 27 12 2017 17:56

Жаңа Жыл қарсаңында – қуаныш көп, той көп. Облыс әкімдігі 25 желтоқсан күні «Шымкент плазаға» Елбасымыз бастаған «рухани жаңғыру» арнасында жасалған «Жетігеннің сыры» атты фильмнің тұсаукесеріне, сонсоң «Жасмин» Салтанат Сарайына Жаңа Жылдық дастарханға шақырған екен. Расында, «Шымкент плазадан» ертерек шығып, «Жасминдегі» әріптестерім мен достарыма тезірек жеткім келген. Алдымен, көзіме жарқ еткені – Жетігенді түсіргендер —  «Сақ» киностудиясы екен.   Өзіміздің Батырхан,  Нуриддиндер. Қазақ мультфильмін жасауды армандап, талай қиыншылықтардан өткен, өз ісі мен сертіне адал, қазақтың нағыз патриот ұлдары ғой. Бұларға салмақты, өз деңгейіндегі қолдау болса, бүкіл қазақты дүр сілкіндірген анимамциялық туындылар шығатын еді… Әттең, ешкім қолдай қойғысы келмеді.  Ал енді осындай асылдарды танып, шақырып, олармен бірлесіп, өзі идея авторы болып ұлт тәрбиесімен тікелей өзі айналысып отырған облыс әкімін мынадай ерекше, бейтаныс, соны  қырынан көріп, «Жасминге тұра жүгірмегеніме тәубе деп, қалдым Шымкентплазада… Аңыздар мен шындықтар негізінде тамаша деңгейде түсірілген «Қажымұқан» мультфильмін көргенде – көкіректі мақтаныш  пен  асқақ Рух, ұлтыңа деген махаббат  тебірентіп,  алға ұмтылдырған ерекше жігер  шыдатпай кернейді. Ал «Қазығұрт» фильмі- тарихқа да, аңызға да, әзілге де, юморға да толы екен. Облыс әкімі бізден кейінгі қатарда отырды, жанында – облыстық қоғамдық кеңестің басшысы Өмірзақ Мелдеханов, облыстық мәслихаттың хатшысы  Қайрат Балабиев, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев. Облыс басшысы залға кіре көрермендерге әзіл-шыны аралас бір-ақ сұрақ қойды- «өз еріктеріңмен келдіңдер ме?» Осы бір ауыз сөз залдағы атмосфераны жылытты да жіберді – еркіндік, бауырлық сезім жанды баурап алды. Жұрт айтқандай, облыс әкімі «қаздиып қалған», «протоколдан бір миллиметр де ауытқымайтын» чиновник дегені –  мүмкін, өтірік те емес шығар,  бұл жай ғана ол кісінің көп қырының бірі ғана шығар. Ал біз көрген қыры – ашық жарқын сөйлесіп, күлетін жерде күліп-ақ отырды. Әсіресе «Жетігендегі» таксист-жүгермек ГАИ-ға «сен білесің ба, мен облыс әкімінің арнайы тапсырмасымен жүрмін дегенде», күлкіден алғашқы жарылған – облыс әкімі мен мен болдым. Бірақ мен бірінші күлдім.  Ал енді фильмдерден соң шығып сөйлеген кезде… Әрине, Президентіміздің «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегі – ата-бабамыз аңсаған Азаттықтың басты мақсаты емес пе? Бірақ көп жерде осы мәселеге атүсті қарау, қағаз жүзінде «жарқырату»,  бұрынғы «дәмі кетіп қалған» шараларды рухани жаңғырудың тігісіне жатқызуға ұмтылу – байқалып жатады. Әрине, елдің бәрінде шабыт, елдің бәрінде дарын қайдан болсын, сондықтан іштей ренжігенмен, түсіністік танытып жүретінбіз. Ал облыс әкімі Жансейіт ағамыз  арнайы дайындалмай-ақ, қағаз шимайламай-ақ, әкімнің емес, Ұстаздың  мәнерімен рухани жаңғырудың негізгі идеясын, қажеттілігін, былайша айтқанда лейтмотивін ашып берді. Жай дауыспен, асықпай айтылған сөзді зал ұйып тыңдады. Бір жүректен мың жүрекке нұр шашылды. Жансейіт ағамыз рухани жаңғыртудың тек лейтмотивін баяндап берген жоқ  – ол кісі осы бағытта облыс қана емес, бүкілқазақтық маңызға ие болатын  тірліктерді бітіріп, тұсаукесерін жасауда екен…  «Сара Жол» бағдарламасын жасап, ұлт рухының жаңғыруын өзімнің басты бағытым деп есептейтін маған облыс әкімінің осы сөзі әрине, ерекше әсер етті: расын айтсам, әкімнің пікірін сөз  емес, аңсап  күткен ән сияқты, домбыраның үні сияқты тыңдадым. Тыңдаған жоқпын — елестетіп отырдым. Қазақтың Азаттығы үшін жан беруге дайын болған біздер үшін облыс әкімінің мынадай сөздері – орындалған арман емес пе… Жансейіт ағамыздың кейбір сөздеріне өздеріңіз көз жүгіртіп көріңіздер, артық айтпадым-ау деймін:

 Ұлтымыздың болашағы бүлдіршіндеріміздің тілінен басталады. Олар жастайынан ұлттық құндылықтарға бай, қазақ тілді мультфильмдерді көріп өсуі керек. Өйтпеген жағдайда шетелдік туындылармен сусындайтын болады. Бұл сөзсіз балаларымызды ұлттық құндылықтарымыздан алыстатады. Сондықтан да мен осындай анимациялық фильмдер жасауға тапсырма бердім.

Өзіміздің елімізді, жерімізді, байлығымызды көрсететін «Көне жетігеннің сыры» секілді фильмдерді түсірмесек, насихаттамасақ, өзіміздің сериалдар көп болмаса, адамдар елімізде, жерімізде ештеме жоқ екен ғой деген ұғымға келеді. Сөйтіп, басқа елдердің фильмдерін көру арқылы, сол халықтарды сүйе бастайды, сол ұлттардың салтын, үрдісін  жатсынбай қабылдайды. Біртіндеп өзге елдің идеологиясына, солардың рухына бойы үйренеді. Мұның арты жақсылыққа апармайды.

Уақытында ұлттық құндылықтарды насихаттайтын фильмдердің болмағандығынан балаларымыз өз ана тілін меңгере алмады. Енді жалпы телеарналарда ана тілімізде түсірілген анимациялық фильмдер көбірек көрсетілуі керек. Сонда тек қана өз балаларымыз ғана емес, мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа халықтардың өкілдері де біздің тілімізді үйренеді, сүйеді және сөйлейді. Өз құндылығымызды зерттеп, тарихымызды тану арқылы біз одан сайын нығаямыз, күшейеміз. Бізді басқа елдер де мойындай түседі.

«Патриотизм  өзіңнің кіндік қаның тамған жеріңе, туған ауылыңа сүйішпеншіліктен басталады» деген Елбасының сөзі бар. Өзінің туған ауылын сүйе алмаған азамат, ешқашан Отанын, мемлекетін сүйе алмайды. Бұл аксиома. Сондықтан да біз осындай фильмдерді түсіру арқылы тек қана оңтүстіктің мәрсебесін көтеруге ғана емес, қазақ халқының рухани құндылығын байытуға зор үлес қосатын боламыз.

 

Пікір иесі               Мұхтар   Мұхамбетжан

10 Comments on "РУХ НҰРЫНАН ШАШУ ШАШҚАН ЖАНСЕЙІТ АҒАМЫЗ ТУРАЛЫ"

  1. Бала кезімізде мұндай қазақ тіліндегі мультфильмдерді көру бұйырмаған еді.Тəй-тəйлап өзі енді аяғынан тұрып келе жатқан мемлекет едік.Қазір Аллаға шүкір қалаған дүниеге қол жеткізе аламыз. Бейбіт заманда қолдан келген дүниені болашағымыз балалар үшін аямайық! Облыс əкіміне Оңтүстік жастарының атынан алғыс білдіремін! Жастардың рухани тəрбие алуына үлкен үлес қосқаныңызға рақмет!

  2. Шынымен бүлдіршін кезінен бастап қазақша мультфильмдер көріп тəрбие алмаса, шетелдің мультфильмдеріне еліктеп солардағы актерлардың киімің кигісі кеп жүреді, мен де сондай болғанмын бэтмандардың киімдерің киіп, риза болып жүретінбіз ол кезде қазақша мультфильмдер жоқтың қасы тұғын Қазақ елі мультфильмін көргенсоң ой санам өзгерді. Кешегі тұсаукесердегі Қажымұқан мульфильмі мүлдем басқа тамаша түсірілген. Жансейіт мырза сізге тек қана сəттілік тілеймін тек қана алға!

  3. I like what you guys are up too. This kind of clever work and exposure! faaddbdddebe

  4. I think this is one of the most significant information for me. And i’m glad reading your article. But should remark on some general things, The web site style is wonderful, the articles is really excellent D. Good job, cheers bdaedbcbcdca

  5. Wow, this article is fastidious, my younger sister is analyzing these kinds of things, thus I am going to convey her. aaegkkfdddfaefgb

  6. Greetings! Very useful advice within this article! It is the little changes that make the most important changes. Many thanks for sharing! fkeedccdeddc

  7. Hi there would you mind letting me know which webhost you’re utilizing? I’ve loaded your blog in 3 different web browsers and I must say this blog loads a lot quicker then most. Can you suggest a good web hosting provider at a honest price? Thanks a lot, I appreciate it! gaecbeffdded

  8. A big thank you for your article.Really thank you! Cool. kbddedcdeacgdfeg

  9. Excellent blog right here! Also your site lots up very fast! What web host are you the use of? Can I get your affiliate hyperlink for your host? I desire my website loaded up as quickly as yours lol cfaddddkdegd

  10. Normally I do not read post on blogs, but I wish to say that this writeup very compelled me to try and do it! Your writing style has been surprised me. Thanks, quite great article. cdeakecabkcabebb

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.