«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» САТЫЛАДЫ МА?

135 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 16 01 2018 00:09
Жақында Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматтары» қатары толықты. Бұл туралы бірқатар БАҚ құралдары жазып, әлеуметтік желілерде құттықтап жатты. Солардың арасында фейсбуктен бір азаматтың «Қазақстанның Құрметті Азаматы» деген атақпен наградталды дегенді көзіміз шалды. Ол — Оңтүстік өңіріне танымал меценат Жомарт Омаров екен. Сонымен бұл атақты кім және не үшін беретінін зерттеп көрдік. Ары іздедік, бері іздедік, соңында елімізде мұндай атақ жоқ екенін білдік. Интернеттен «Qurmet-AB» атты қоғамдық бірлестігі медаль сататынын білдік. Осы тектес тағы медаль сататын бірлестіктердің бар болуы да мүмкін. Сосын әрі қарай іздемедік. Жарайды. Марапаты құтты болсын!


Бұл тұста Жомарт Омаровты кім марапаттады деген заңды сұрақ туындайды? «Qurmet-AB» атты қоғамдық бірлестігінен медаль сатып алуы мүмкін бе?! Естуімізше Жомарт Омаров «Қазақстанның Құрметті Азаматы» деген атағын Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде 200-ден аса қонақ шақырып жуған көрінеді. Оның айтуынша аталмыш марапатты тек қана Елбасы береді екен. Қонақтар болса да көрімдік берері сөзсіз. Мұндай атаққа көрімдік бермесе ұят болар. Жомарт Омаров «Нұр Отанның» мүшесі бола тұра, бұл әрекетке қалай барды? Ол мерекелік кешке «Нұр Отанның» басшылары да барғанын білдік. Одан бөлек Жомарт Омаров өзін Шымкент қаласының ата-аналар комитетінің төрағасымын деп таныстырып жүргенге ұқсайды. Білуімізше ресми түрде ата-аналар кеңесінің төрағасы Ермек Дәрменов. Этикалық түрде бұл жәйттерге не айтуға болады?

oninfo.kz

Be the first to comment on "«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» САТЫЛАДЫ МА?"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.