Айнұр Тұрсынбаева 60-қа келген анасына дүркіретіп той жасады (фото)

15 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 22 01 2018 16:29

Ақын Айнұр Тұрсынбаева 60-қа келген анасының құрметіне дүркіретіп той жасады. Тараз қаласында өткен дүбірлі тойға “хит” әнші Ерке Есмаханнан бастап елімізге белгілі бикештер қатысты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Кеше қазақтың от ауызды, орақ тілді ақыны Айнұрды өмірге əкелген Манат анамыздың 60 жас мерейтойын тойлап қайттық. Айнұр, той күшті өтті. Отбасыларыңызға бақ-береке, амандық, денсаулық, молшылық тілеймін! Таразда кеше көрген құрмет-қошеметке мың алғыс, мың шүкір”, – деп бөлісті Ерке Есмахан инста-парақшасында.

Сондай-ақ, әнші Алтынай Жорабаева, журналист Гүлбаршын Заировалар Тұрсынбаеваның анасын құттықтау үшін арнайы Таразға атбасын бұрған.

Желіде пайда болған суреттерге қарап жұрт түр-әлпеттері ұқсап кеткен жұлдыздарды сынға алды.

“Барлығын бір визажист бояндырған”, “Шынайы әдемілік жоқ ешқайсысында”, “Жасанды сұлулар, қастары бірдей”, – деп сынады инста-оқырмандар.

 

Stan.kz

Be the first to comment on "Айнұр Тұрсынбаева 60-қа келген анасына дүркіретіп той жасады (фото)"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.