Дабылды ескерту: Алдағы үш күнде елімізде “арктикалық аяз” жүреді

17 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 22 01 2018 16:13

Аязды антициклон Каспий теңізінен басталып, Қазақстанның оңтүстік шығысына барады.

Солтүстік пен орталық, шығыс облыстарда аяздың беті қатты. Алдағы үш күнде солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы 40-45 градусқа дейін төмендейді.

Оңтүстік, оңтүстіс-шығыс, аймақтарда 28-33 градусқа дейін төмендейді.

Алматы облысында,Талдықорған қаласында  24-29 қаңтар аралығында түнде 30-35 градусқа дейін суытады.

Синоптиктер Қазақстан аумағымен арктикалық антициклондардың өтуіне байланысты бірқатар өңірде қатты аяз күтілетіндігін ескертті.

«22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -35-40 градустық қатты аяз күтілуде. 24-26 қаңтар күндері кей жерлерде -45 градус, күндіз -27-32, жекелеген аумақтарда -35 градус қатты аяздар болжанады», – делінген таратылған хабарламада.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында түнде -33-38, күндіз -20-25 градус қатты аяз болуы ықтимал. Астанада 23-26 қаңтар күндері түнде -35-40, күндіз -27-32 градус аяз болады.

Stan.kz

Be the first to comment on "Дабылды ескерту: Алдағы үш күнде елімізде “арктикалық аяз” жүреді"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.