Мұсылмандық бейнесінде жасалған шоқыну суаты желіде шу болды 

40 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 22 01 2018 16:25

Желіде ай бейнесінде жасалған крещение суаты қызу талқыға түсті.

Суаттың видеосын Зульфат Зиннуров жариялады. Ол желідегі достарын мерекемен құттықтады.

Желі қолданушыларының бірі мұны мұсылмандарды мазақ ету деп жазса, енді бірі әзіл үшін жасалғанын айтты.

Мұзды суат Татарстан елінде жасалған. Бұл көріністің көпшілік арасында талқыға түскені соншалық, автор парақшасындағы сурет пен видеоны өшіріп тастады.

“Достар, әлеуметтік желінің кері мақсатта қолданылатынына тағы да көзім жетті. Сондықтан әзіл постымды өшіріп тастадым”, – деп жазды ол парақшасында.

Stan.kz

Be the first to comment on "Мұсылмандық бейнесінде жасалған шоқыну суаты желіде шу болды "

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.