21 жастағы КВН-ші қайтыс болды

59 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 22 01 2018 16:30

21 жастағы Сергей Баленконың қайтыс болғаны туралы желіде хабарланды.

 «Құрметті достар, командамызда қайғылы жағдай болды. 19 қаңтар күні бауырымыз және досымыз Сергей Баленкодан айырылып қалдық. Ол өмірден ерте кетсе де, көп жақсылық жасап үлгерді. Ойымыз сан жаққа кетіп, сенгіміз келмей отыр. Осы қазаға бей-жай қарамайтын таныстарымыз бен достарымызды оның ата-анасына көмектесуге шақырамыз», – деп хабарланды команданың «Вконтакте» парақшасында.

Баленко 5 қаңтар күні 21 жасқа толды. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

«Достар, сіздердің жазып жатқан хаттарыңыздың саны көп. Біз сіздің «Не болып қалды?» деген сұрағыңызға жауап бере алмаймыз. Өйткені әлі өзіміз де 100% не болғанын білмейміз», – делінген хабарламада.

Stan.kz

Be the first to comment on "21 жастағы КВН-ші қайтыс болды"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.