ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ, БІР РЕТТІК ПАРОЛЬ АРҚЫЛЫ 2 МИНУТ ІШІНДЕ ӨЗІҢІЗГЕ ҚАЖЕТТІ ҚЫЗМЕТТІ АЛУҒА БОЛАДЫ!

64 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 29 01 2018 11:28

Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылып, құжаттардың мерзімі мен тізбесі қысқартылып, қайталанатын рәсімдерді жою қажеттілігі көрсетілді. Яғни, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру көзделген.

Бұл өз кезегінде, мемлекеттік қызметтерді мерзімінде алуға, қағазбастылықтан арылтуға, қызмет көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептер мен тәуекелдерді төмендететіні анық.

Осыған орай, электрондық үкімет порталында ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік парольді енгізу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз 30 қызмет қолжетімді екендігін назарларыңызға жеткіземіз.

Қызметті бір реттік пароль арқылы алу үшін, www.egov.kz порталында авторизациядан өткен қолданушыға ЖСН және «мобильдік азаматтар қорында» тіркелген ұялы телефон нөмірін көрсету қажет, содан соң алынған бір реттік парольді арнайы жолға енгізу керек. Телефон номірін ЖСН-ға бекітуді қолданушының Жеке кабинетінде немесе ХҚКО-да жүзеге асыруға болады.

Аудан әкімі аппараты
ақпараттандыру және мемлекеттік
қызмет көрсету мониторингі бөлімі

Be the first to comment on "ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ, БІР РЕТТІК ПАРОЛЬ АРҚЫЛЫ 2 МИНУТ ІШІНДЕ ӨЗІҢІЗГЕ ҚАЖЕТТІ ҚЫЗМЕТТІ АЛУҒА БОЛАДЫ!"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.