МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА КӨШІРУ БҮГІНГІ КҮННІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ

89 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 02 02 2018 15:46

 

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету — жауапты да маңызды істер қатарында саналады. Қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды қолдау, оның ішінде «электронды үкімет» порталы, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру негізгі мақсаттың бірі екендігін атап өту керек. Мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуі — тұрғындардың атқарушы органдарға деген сенімінің нығая түсуіне жол ашады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне (2017 жылғы 12 қазандағы №637 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) сәйкес, Мақтарал ауданының қала, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдері мен оларға қарасты коммуналдық мекемелері тарапынан 91 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, бекітілген тиісті стандарттарға сәйкес 30-ы баламалы негізде, яғни қызмет алушы қымет көрсетуші мекеме кеңсесіне, «Халыққа қызмет көрсету орталықтарына», «Электронды үкімет» порталына жүгінуі арқылы қызмет алу мүмкіндіктері қарастырылған.

Осы орайда, мемлекеттік қызметтерді мерзіміне сәйкес алуға, қызмет көрсету үдерісін оңтайландыруға, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептер мен тәуекелдерді төмендететіні белгілі. Жоғарыда аталған баламалы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында» орналастырылғандығын хабарлаймыз.

 

Be the first to comment on "МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА КӨШІРУ БҮГІНГІ КҮННІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.