СОЗАҚТЫҚ 55 ҮМІТКЕР «АРАЙ-2018» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАУДА

85 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 02 02 2018 15:10

Созақ ауданының 90 жылдығы және Астананың 20 жылдығына орай аудандық «Арай-2018» жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілерінің аудандық байқауы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында өтуде.
Байқаудың мақсаты-Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттай отырып, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап жас талант иелерін, мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету, оларға қолдау көрсету.
Байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы аудан көлеміндегі әр ауылдық округтермен кенттерден, (10 ауылдық округ, 2 кент) 55 үміткерлер қатысуда. Олардың 30-ы эстрада жанрының жас таланттары болса, 25-і мəдени іс-шара жүргізушілігіне үміткерлер.
Екі кезеңді қамтитын байқаудың алғашқы сынында Елорда — Астана қаласына арналған әндер орындалса, екінші кезеңде Қазақстан композиторларының әндері орындауда.
Байқау жеңімпазы облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілері және мәдени іс-шара жүргізушілері байқауының жартылай финалына жолдама алады.
Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы үміткерлердің сахна мәдениетіне, жүріс-тұрысына, дауыс диапазонына, әннің байқау шартына сәйкестігіне, музыкалық өңдеуіне, ән мәтінінің мазмұндылығына, сахна мәдениеті мен сахналық киімдеріне баса назар аударады.
Созақ ауданы әкімдігініңқ мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайына қарасты 3 ауылдық мəдениет үйі, 2 кент мәдениет үйі мен 7 ауылдық клуб халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Аудан көлемінде əн байқаулары мен өнер фестивальдері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Биыл Созақ ауданына 90 жыл толып отыр. Аталған мерекеге орай 2 республикалық, 5 облыстық және дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Теріскей таланттары» халық өнер фестивалі, Т.Әлімқұлов пен Т.Момбековтің 100 жылдығына, Б.Батырбекованың 90 жылдығына, А.Сүлейменовтің 80 жылдығына орай республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізілмек.
Қазылар алқасында Созақ ауданының тәлімгері, халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты Мархаббат Бейсенова, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының редакторы Айтпенбетова Мадина Жұмабайқызы, «Мыңжылқы» мәдениет сарайының бөлімше басшысы Ерназаров Рүстем бар.

Be the first to comment on "СОЗАҚТЫҚ 55 ҮМІТКЕР «АРАЙ-2018» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫНДА БАҚ СЫНАУДА"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.