С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ректоры қызметіне Төлеген Мұхтар Əділбекұлы тағайындалды.

75 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 02 02 2018 15:43

 

 

 

 

 

 

 

 

  • С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ректоры қызметіне Төлеген Мұхтар Əділбекұлы тағайындалды.

Бұған дейін Жетісу мемлекеттік университетінде проректор болған, (PhD) философия докторы, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұхтар Əділбекұлы бүгін Өскемендегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетке ректор болып тағайындалды.
Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 1980 жылғы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген.
1997 жылы №1 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде білім алады. 2001 жылы сол жоғары оқу орнының тергеу-криминалистік факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік тәмамдайды.
Осы уақытқа дейін көптеген ведомстволық және Үкіметтік наградаларға ие болған. 2014 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
2014 жылы «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иеленген.
Сізді барша студенттердің атынан оқу ордамызға келуіңізбен құттықтаймыз. Сізге алдағы уақытта айыңыз әрдайым оңынан туып, жұмысыңыздың сәтті, табысты, жемісті болуын, сонымен қатар қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз. Бізге келіп, алдағы уақытта біздер үшін істелетін әр еңбегіңіз ақтала берсін.

Be the first to comment on "С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ректоры қызметіне Төлеген Мұхтар Əділбекұлы тағайындалды."

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.