ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

13 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 02 02 2018 15:29
  1. Жуырда Мақтарал ауданындағы Ә.Қастеев жалпы орта мектебінде өзінің саналы ғұмырын ұстаздық жолына, оның ішінде ауыр да қиын бейнелеу өнеріне арнаған ардагер ұстаз Арал Сүлеевтің атына мектептен арнайы кабинет ашылды.
    Арал Сүлеев тек ұстаз ғана емес сонымен қатар дарынды қылқалам шебері де. Өзң мектептен сызу, бейнелеу пәндерінен сабақ бере жүріп еңбек жолында талай-талай талантты суретшілерді тәрбиелеп өсірген.
    Еселі еңбегі ескерілген қарт ұстаз бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ауылдың қадірлі қариясы, «Оқу ісінің үздігі», «Білімге қосқан елеулі еңбегі үшін» медальдарымен марапатталып, «Балалар – Қазақстанның болашағы» журналының редакциясы мен қауымдастық кеңесінің шешімімен «Қазақстанның озат адамдары» энциклопедиялық кітабына есімі енгізілген.
    Ардагер ұстаздың ізбасар ұлы Жанболат Сүлеевтің демеушілігімен қолданысқа берілген қолөнер кабинетінің ашылу салтанатына «Ж.Ералиев» ауылдық округінің әкімі Қ.Ақышов пен ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар қатысты.
    Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға, жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға, жастар арасында қолөнер мен сурет салу қабілеттерін дамытуға, жас суретшілердің кәсіби шеберлігін арттыруға, жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейту мақсатында ашылған кабинетте Тәуелсіздік алған күннен бастап қазақ елінің жеткен жетістіктері мен тылсым табиғаты, жануарлары мен құстар әлемінен макеттер жасалып, қылқаламмен қағаз беттеріне бейнеленген.
    Жиынға қатысушы ел ағалары егемен елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алып, ерлік пен елдіктің қадірін жоғары бағалап өсіп келе жатқан азат ойлы, дарынды жастардың келешекте ел мерейін үстем етер Ә.Қастеевтей ұлы суретші болатындарына сенім білдірді.

Be the first to comment on "ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.