Трансплантология тарихында нағыз төңкеріс жасайтын лаборатория өз жұмысын бастайды.

264 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 04 02 2018 15:13
  1. Бірнеше ай көлемінде Америкадағы Чикаго қаласында Трансплантология тарихында нағыз төңкеріс жасайтын лаборатория өз жұмысын бастайды. Лаборатория қызметкерлері мүмкін емес нәрсені мүмкін етпекші: олар пациенттің клеткаларынан жұмыс істеуге жарамды жүрек басып шығармақ!!! Амбициясы шектен асқан осы жоба туралы Fast Company хабарлап отыр:
    Трансплант жүрек салынған адамдардың көпшілігі он жылдан артық өмір сүре алмайды. Олардың өмірі алуан түрлі үлкен қатерлерге толы – пациенттің иммуналық жүйесі жаңа органды қабыл етпей қоюы мүмкін, ал иммуналық жүйенің белсенділігін басып отыратын препараттардың өз кезегінде үлкен кемшілігі бар, олар ағзаның көптеген, мысалы рактан қорғанышын күрт әлсіретеді. Тағы бір проблема — транспланттауға жарамды донорлық жүректердің аздығы.

Осы қиындықтарды Стартап Biolife4D бір ғана технологияның күшімен жеңбекші – биологиялық 3D – баспа принтерімен пациенттің өз клеткаларынан жүрек «басып шығару». Егер «жүрек басып шығару» баспасы конвейерге қойылса, онда донорлық жүректердің дефициті жойылады. Ал ағзаның өз клеткаларынан «басылып» шығарылған жүрек пациенттің жүрегінің генетикалық көшірмесі болып табылады және иммуна жүйесінің кері әсер реакциясын туғызбайды. Бұл жағдайда «жаңа жүректің» ағзада «жерсінуіне» мүмкіндік көбірек және пациенттің иммуналық жүйені әлсірететін иммунодепрессанттар қабылдауына қажеттілік туындамайды.
Өмірге толық жарамды «жүрек» жасап шығару үшін бірнеше этаптан өтуге тура келеді. Алдымен пациенттің жүрегін, оның анық цифрлық суретін алу үшін, МРТ-скандау жүргізіледі. Сонсоң «үлгілерден» суырып алынған қан клеткаларын ствол клеткаларына айналдырады және олардан кардиомиоциттер «өсіріп» шығарады. Осыдан пайда болған жүрек клеткаларын арнайы 3D-принтерде шикізат ретінде пайдалануға болатын «биосия» жасау үшін қоректік заттармен және гидрогельмен араластырады.
Әр ретте жүректің бір қатпары «басылады». Ұстын ретінде керекті органның формасын қайталайтын биошірігіш каркас пайдаланылады. Басып шығарылған жүректі биореакторға Осы басылма жүректі орналастырған биореакторда клеткалар өздігінен «құраса бастайды». Орган жеткілікті түрде мықтыланған соң ортаның температурасын көтеру арқылы әлгі биошірігіш каркас балқытылып жіберіледі. Міне, енді жаңа «жүрек» қолданысқа, яғни тарнсплант жасауға дайын. Ғалымдардың осы ізгі жұмысында үлкен бір күрделі проблема бар: «басып шығарылған» жүректердің ішінде қан тамырларының «желісін» орналастыру. Бірақ, олардың осы проблеманы жақын жылдарда шеше алатынына сенімі мол.
Стартаптың алғашқы белесі — жаңа дәрілерді тесттеуге пайдаланатын мини-жүректер шығару. Бүгінгі күн жаңа дәрілердің тиімділігін тексеру үшін жануарлар пайдаланылады. Ал бұл зерттеулердің нәтижесі адамдарға толық сәйкес келе бермейді. Бұдан соң команда майда жауанрларға жарамды мини жүрек басып шығаруға кірісіп, тек кейін, мән-жай толық зерттелген соң ғана адамдарға жүрек салуға кіріседі. Алғашқы басқа жүрек салу ХХ-ғасырдың басында жасалды. Бірақ қаншама уақыт өтсе де, бұл адамдар арасында кең тараған операцияға айналып кете алмады. Ал жүрек ауыстыруға мәжбүр болған мыңдаған адамдар үшін генді модифиацияланған шошқалар немесе басқа да жаңа технологиялармен жасалған протездер ғана жәрдем бола алады.

Be the first to comment on "Трансплантология тарихында нағыз төңкеріс жасайтын лаборатория өз жұмысын бастайды."

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.