Қытай Атазаңын түбегейлі өзгертіп, президентке шексіз құқық берді

69 рет оқылды, 1 пікір жазылды, 12 03 2018 14:29

11 наурызда Пекинде Жалпықытайлық жиналысының 13 шақырылымы өтті. Аталған жиында ҚХР конституциясына өзгеріс енгізу жобасы мақұлданды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Басқарушы Коммунистік партиясы бір ай бұрын Конститутцияға өзгеріс енгізілетінін мәлімдеген болатын. ҚХР Контитутциясына өзгеріс енгізілетініне ешкімнің күмәні болмады. Себебі партия мүшелері бұл ұсынысқа қарсылық білдірмеген болатын.

Дауыс беруге 3000-ға жуық халық қалаулылары қатысқан. Тек екі адам қарсы шығып, 3 адам дауыс беруден бас тартты.

Сонымен бірге ҚХР негізгі заңына Си Цзинь Пиннің жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшеліктері бар социализм, қытай ұлтының ұлы жаңғыруына қол жеткізу және экоөркениеттік құрылыс түсінігі туралы идеялары енгізіледі.

Жаңа түзетулер бойынша, мемлекеттік қызметшілер қызметке кіріспес бұрын халық алдында ант береді. Тағы да айта кетерлігі ҚХР мемлекеттік органдар жүйесін бақылайтын Ұлттық комиссия енгізіледі.

ҚХР төрағасы мен төраға орынбасары екі мерзімнен артық билікте болуға тыйым салатын заң тармағы алынып тасталды. Бұл өзгеріс Си Цзиньпин 2023 жылдан кейін де ел басқаруы мүмкін екенін көрсетеді.

«Қамшы» сілтейді

1 Comment on "Қытай Атазаңын түбегейлі өзгертіп, президентке шексіз құқық берді"

  1. Very interesting topic , appreciate it for posting . The friendship that can cease has never been real. by Saint Jerome. fdfcdagfadgd

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.