Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ саласындағы компаниямен кездесу өткізді

31 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 14 03 2018 14:42

Бақытжан Сағынтаев «Шеврон Еуропа, Еуразия, Таяу Шығыс. Барлау және Өндіру» президенті Тодд Левимен кездесу өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы компаниямен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Теңізшевройл» ЖШС, Қарашығанақ жобасы және Каспий құбыр консорциумы бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

«Шеврон» компаниясы «Pacific Oil Coast Co» атауымен 1879 жылы құрылған. Штаб-пәтері Сан-Рамон қаласында орналасқан (Калифорния, АҚШ), операциялары әлемнің 180 елінде жүргізіледі. Қызметкерлер саны шамамен 62 мың адам. Компания капиталы $232 млрд құрайды.

Қазақстанда «Шеврон» «Теңізшевройл» ЖШС-на (50%), Қарашығанақ жобасына (18%), Каспий құбыр консорциумына (15%) қатысады. «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жобасы туралы келісімге 1993 жылғы 2 сәуірде ҚР мен «Шеврон» компаниясы арасында қол қойылды. Көмірсутегін барлау және өндіруге арналған лицензия ТШО-ға 1993 жылы 40 жыл мерзімге берілді. 2018 жылға арналған мұнай өндіру жоспары 27,8 млн тоннаны құрайды.

 

«Қамшы» сілтейді

Be the first to comment on "Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ саласындағы компаниямен кездесу өткізді"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.