АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы Қазақстанға қалай әсер етеді?

272 рет оқылды, 14 пікір жазылды, 14 04 2018 21:15

АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауалды бағдарламасында сауда соғысын ашатынын айтқан. Көпшілік оны популизм деп бағалады. Ал жақында АҚШ билігіҚытайдан импортталатын 1333 түрлі тауарға салынатын қосымша салық көлемі 25 пайызға артатынын мәлімдеді. Яғни Қытайдан тауар әкелушілер Америка қазынасына тағы 50 млрд доллар төлейді. Бұған жауап ретінде Қытай үкіметі АҚШ-ты ДСҰ талаптарын бұзып отыр­­ деп айыптады. «АҚШ үкіметінің бұл шарасы ҚХР-дың заңды құқықтары мен мүдделеріне қол сұғу және Қытайдың дамуына қа­тер төндіреді», — дедішығыстағы көршіміз.

Сонымен, АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы қызып жатыр«Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі» дегендей, бұл текетірес Қазақстанға қалай әсер етеді?Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі осы мәселеге ой жүгіртті.

 

Сауда соғысы деген не?

Сауда соғысы – сауда қатынасындағы екі елдің бір-бірімен сауда шарттары арқылы күресуі. Бұл майданның басты қаруы – кеден салығы. Кеден салығы арқылы қос алпауыт бір-бірінің экономикасын шығынға ұшыратады.

— АҚШ пен Қытайдың арасындағы тартыс шартты түрде «сауда соғысы» деп аталып жүр. Екі держава әлемде өз үстемдігін орнатуға таласып жатыр. АҚШ-тың сауда, экономика саласында көш бастап тұрғаны белгілі. Кейінгі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қытай экономикасы да қарқынды дамып келеді. Бұл – АҚШ-қа қауіп төндіретін дүние. Баж салықтарының көтерілуі – қатердің алдын алу ғана, — дейді экономист Бауыржан Ысқақов.

Ал саясаттанушы Расул Жұмалының айтуынша, сауда соғысының астарында белгілі бір саяси ұстаным бар. Ал кез келген саяси ұстанымның артында экономикалық мүдде жатыр.

— Кез келген мемлекет, оның ішінде ірі мемлекеттер өз саясатын жүргізгенде, басқа елдермен байланыс жасағанда өзінің экономикалық мүддесін алдыңғы қатарға қояды. Экономикалық үстемдігін орнатып, соған өзгелерді тәуелді етуді көздейді. Қазір дүниежүзінде екі елдің экономикасы оқ бойы озық тұр.  Бірі – дәстүрлі АҚШ экономикасы, екіншісі – оны қуып жеткен ҚХР экономикасы. Ешкімге жаңалық емес, аталған екі ел арасында  экономикалық, сауда бәсекесі бұрыннан жүріп жатыр. Ал бәсекелестік – табиғи құбылыс. Саяси экономикалық алаң бәсекелестіктен тұрады. АҚШ  билеп-төстеп үйреніп қалғандықтан, Қытай компанияларының, тауарларының үстемдік құра бастағаны ашуына тиеді, — дейді Расул Жұмалы.

АҚШ-тың салықты көбейтуіне байланысты Қытай да АҚШ-тан келетін 106 түрлі тауарға 25 пайыз қосымша са­лық енгізетінін мәлімдеді.

Шетелдік сарапшылардың болжамына сенсек, Дональд Трамп қойған шектеуден Қытай 60 млрд доллар көлемінде шығынға ұшырайды.

— Бүгінде Қытай тауарлары әлемде сұранысқа ие. Тек Азияда ғана емес, Еуропада да тауарларын артыруды көздеп отыр, — дейді экономист Бауыржан Ысқақов.

Саясаттанушы Расул Жұмалының сөзінше, Америка әлемде өз үстемдігін орнатуға тырысады, ал Қытайдың оған жауап беруге әлуеті жеткілікті. Алайда жақын арада бұл мәселелер бет жыртысуға әкеле қоймайды. Себебі Қытай Ресей секілді ашық қарсыластыққа барып отырған жоқ. Дегенмен Қытай АҚШ-пен тіресе алады, Америкаға онымен санасуға тура келеді.

 

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның әлем экономикасындағы орны біліне бермейтін. Ал қазір ДСҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі. «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі» деген бар. Бізге де екі ел арасындағы сауда соғысының салқыны тиюі мүмкін.

— Қытай Ресеймен байланысын нығайтып жатыр. АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары ел ішіндегі миллионерлердің шығынға батуына әкелді. Рубльдің  құны төмендесе, Қазақстанға да кесірі тиеді. Ал Қазақстан мен Қытайдың экономикалық қарым-қатынасы жаман емес. Тауар айналымы жыл сайын артып жатыр, кедендік алымдардың төмендеуіне қол жеткізген уақытта Қазақстандағы кеден салығын көбейту Қытайға тиімсіз. Сондықтан Қытай бізге кеден салығын көбейтеді деп қорқудың қажеті жоқ, — дейді экономист Бауыржан Ысқақов.

Сарапшылардың пікірінше, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының Қазақстанға жанама әсері бар.

— АҚШ-қа Қазақстан ғана емес, дүниежүзі тәуелді. Экономистер арасында «Американың экономикасы жөтеле бастаса, бүкіл әлем тұмауратады» деген сөз бар. Американың доллары, инвестициялары бар. Сондықтан Америка экономикасының дамуы немесе құлдырауы барлығына әсер етеді. Ал Қытай – шығыстағы көршіміз. Ондағы жағдай бізге әсер ететіні анық, алайда Қытай мен Қазақстан арасында экономикалық жақтан қиындықтар жоқ, — дейді Расул Жұмалы.

Қазақстанды Қытаймен байланыстыратын тағы бір жол – Ұлы Жібек жолы. Оның Шығыс пен Батысты жалғастыратын транзиттік потенциалы бар. Қазақстан – Қытай үшін мүмкіндік беретін мемлекет.

Кейбір экономистердің ойынша, Ресей мен Қытай арасында экономикалық салқындық пайда болса, ол Қазақстанға тікелей әсер етеді. Қытай мен Ресей арасындағы байланыс берік болса, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының бізге бәлендей ықпалы жоқ.

— Экономикада үстемдік орнатудың бірден-бір жолы – келесі мемлекетке санкция салу. Сол үшін АҚШ ашық экономикалық соғысты бастады. Ал Қытай әлемде тауарларының көп болуымен, сұраныстың артуымен ерекшеленеді, — дейді Бауыржан Ысқақов.

—Бізге Қытай жағынан қиындық тудыратыны – сол жақтағы қазақ диаспорасының жағдайы және Қытайға қарызымыз тұрғысынан біздің мүдделеріміздің толық іске аспауы. Ресейді былай қойып, бірте-бірте Қытайдың тәуелділігіне еніп бара жатырмыз, — дейді Расул Жұмалы.

Саясаттанудың айтуынша, екі ел арасындағы соғыста кімнің жеңімпаз болатыны маңызды емес. Алпауыт елдердің көп болғаны Қазақстан секілді екі ортада тұрған елдер үшін таңдау жасауға мүмкіндік береді.

— Әлемде ықпалды мемлекеттер неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Бір ғана қуатты мемлекет болып, қалғанының барлығы соның жетегінде жүрсе, бұл халықаралық тәртіптердің бұзылуына әкеледі. Ал бірнеше мықты мемлекет арасында геосаяси таңдау жасауға, ара салмақты сақтауға көбірек мүмкіндік бар, — дейді Расул Жұмалы.

Қорыта айтқанда, Қытайдың АҚШ-ты әлем экономикасындағы көшбасшылық орнынан ысырып жіберетін қауқары жоқ. Тіптi алдағы 20 жылда да ол қолынан келе қоймайды. Сонымен бірге Американың да Қытайды өзіне бағындыратын әлуеті шамалы. Қытайдың экономикалық өсімі жоғары. 5-10 жылда екі елдің экономикасы теңесуі ықтимал.

— Бәсекелестік арқасында жаңа күш, жаңа мүмкіндіктерге жол  ашылады. Бір ел күшейсе, басқа елдерді өзіне бағындыруға ұмтылады. Ал Қазақстан секілді бытыраңқы, әлсіреген, жемқорлыққа салынған елдерге көршісіне жұтылып кету оңай, — дейді саясаттанушы.

«Қамшы» сілтейді

14 Comments on "АҚШ пен Қытайдың сауда соғысы Қазақстанға қалай әсер етеді?"

  1. Nice post. I used to be checking continuously this weblog and I’m impressed! Very helpful information particularly the final part 🙂 I take care of such info a lot. I used to be seeking this certain information for a very lengthy time. Thank you and best of luck.

    http://www.zvodretiluret.com/

  2. ioiwffy,Thanks a lot for providing us with this recipe of Cranberry Brisket. I’ve been wanting to make this for a long time but I couldn’t find the right recipe. Thanks to your help here, I can now make this dish easily.
    Nike Air Max 2019 http://www.nike-airmax2019.us/

  3. eknncowpt,Your blog was informative and valuable to me. Thanks for sharing.
    Pandora UK http://www.pandorauk-sale.org.uk/

  4. xkllneafcud,Quality blog, keep up the good work. You may check our website also!
    Nike Air Zoom http://www.nike-zoom.us/

  5. Game Killer Apk Download Latest Version for Android (No Ad) … Guess not because Game killer full version app is not available on Play store.
    Nike Air Max 270 http://www.nikemax270.us/

  6. jizpbwn,This website truly has alll of the information and facts I wanted about this subject and didn?t know who to ask.
    Cheap Nfl Jerseys Wholesale http://www.wholesalenfljerseysshop.us/

  7. qlbzmf,Definitely believe that which you said. Your favourite justification appeared to be on the net the simplest thing to remember of.
    http://www.nike-vapormaxplus.us/

  8. upmuirzz,Definitely believe that which you said. Your favourite justification appeared to be on the net the simplest thing to remember of.
    Adidas Outlet http://www.outlet-adidas.us/

  9. hulfldoep,Are you searching for top class Escort service in Noida and want to enjoy with them, hire sexy girls from top Greater Noida escort service and enjoy full night.
    Yeezy Shoes http://www.adidasyeezyshoes.org.uk/

  10. jbfwwp,Hi there, just wanted to say, I liked this article. It was helpful. Keep on posting!
    Yeezy http://www.yeezy-shoes.in.net/

  11. Game Killer Apk Download Latest Version for Android (No Ad) … Guess not because Game killer full version app is not available on Play store.
    Balenciaga http://www.birkenstocks.me.uk/

  12. plpsjdxvsyg,Thanks for ones marvelous posting! I actually enjoyed reading it, you will be a great author.I will always bookmark your blog and will nuaoxmbkfq,come back from now on. I want to encourage that you continue your great writing, have a nice afternoon!
    Jordan Shoes http://www.jordan-com.com/

  13. ibkcccahp,Hi there, just wanted to say, I liked this article. It was helpful. Keep on posting!
    Salomon UK http://www.salomon-shoes.org.uk/

  14. jmjpxsnqmrl,Thanks for this useful information, Really amazing. Thanks again. I LOve your BloG
    Yeezy Shoes http://www.yeezy.com.co/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.