АҚШ Сирияны зымыранмен атқылады

27 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 14 04 2018 20:59

АҚШ Сирияны зымыранмен атқылады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Бұл туралы BBC хабарлады. Сирияға алғашқы соққылар Дамаск уақытымен таңғы төртте жасалған. Бұл уақытта АҚШ-та Трамп сөз сөйлеп тұрған еді.

АҚШ президенті Трамптың бұйрығымен Сирияға әуе зымыранымен соққы жасалды.

Айта кетсек, АҚШ президентінің бұл шешімі Дума қаласындағы химиялық шабуылға жауап ретінде қабылданған.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, әуе соққылары Дамаскідегі бірнеше тұрғын үйге бағытталған. Сонымен бірге оның ішінде ғылыми зертхана орналаласқан Барзех те бар.

Трамп Ресейдің химиялық қаруды пайдалануын тоқтатудың басқа мүмкіндігі болмағандықтан Сирияны зымыранмен атқылауға тура келген.

АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирия президенті Башар Асадты химиялық қаруды пайдаланды деп айыптап отыр, ал Басадтың өзі Дума қаласында химиялық қарудың қолданылғанын жоққа шығарумен келеді.

«Қамшы» сілтейді

Be the first to comment on "АҚШ Сирияны зымыранмен атқылады"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.