Ресей қашан ыдырайды?

243 рет оқылды, 68 пікір жазылды, 14 04 2018 21:00

Бүкіл әлем Владимир Путиннің билігіндегі Ресейді посткеңестік шекараларды өзгертіп, империяны қайта жаңғыртуды қалайтын экспансиялық держава ретінде көреді. Оған Қырымды анексиялау мен Украинамен арадағы соғыстың өршуі де себеп болды. Экономикалық санкциялар, мұнайдың арзандауы, демографиялық дағдарыс, орыс дипломаттарының Батыс елдерінен қуылуы сияқты жағдайларды ескеріп, кейбір сарапшылар Ресей Федерациясының ыдырайтын күні жақын деп болжайды.

Терістіктегі көршіміз ұсақ-ұсақ бірнеше мемлекетке бөлініп кетсе, не болады? Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Ресейдің ыдырауы қашан және қалай болуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Жақында Калининград қаласындағы форумда Владимир Путин: «Елдің тарихын өзгерту мүмкін болса, ССРО-ның ыдырауын болдырмайтын едім», — деген еді. Осылайша Путин Совет Одағының жойылғанына қынжылатынын мойындаған. Алайда бүгінгі геосаяси ахуал «Ресей ССРО тағдырын қайталауы мүмкін» деген ойды бекіте түседі.

ССРО мұнай бағасының төмендеуі, күштеп ұжымдастыру, тауар тапшылығы, тиімсіз экономикалық жүйе, халықаралық байланыстардың үзілуі және т.б. себептерден құлады. «Ал Ресейдің ыдырау салдары кезінде Совет Одағы ыдырағаннан әлдеқайда қауіптірек болады», — дейді кей мамандар.

Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің айтуынша, «ССРО синдромы» қайталанғалы тұр.

— Батыс зерттеушілері Ресей ғұмырына 5-10 жыл ғана қалды деп болжайды, бірақ елдің нақты ыдырау уақытын айту қиын. Анығы, қазіргі Ресейдің жағдайы соншалықты нашар, бізге шабуыл жасаq алмайды, — дейді ол.

 

«Ресей – өз күшімен дамуға шамасы жетпейтін паразит»

Польшалық саясаттанушы Ежи Таргальский Ресейді өз күшімен дамуға шамасы жетпейтін паразит деп атаған. Кез келген паразит сияқты ол да  асыраушысыз өмір сүре алмайды.

Саяси шолушы Александр Кушарьдың сөзінше, «Трамп эффектісі» — Путиннің ең соңғы стратегиялық ілгіші.

«Бұдан былай америкалық ешбір саясаткер Ресейге іш тарта алмайды. Ресей режімі өлім жазасына кесілді, енді біртіндеп, жылдан-жылға осы шешімді жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Америкада 2050 жылға таман Ресей барлық жағынан да әлсірейді деген әділ сенім бар. Сондықтан онсыз да өзінен-өзі жойылып бара жатқан оны артық күш жұмсап жоюға тырысудың қажеттілігі жоқ – тарихи даналық дегеніміз осы болар. Міне, дәл осы себепке байланысты Батыс саясаткерлері Ресейге қарсы тіке шабуыл емес, оның агрессиясын тек тежеу туралы көбірек айта бастады — өзін-өзі онсыз да жойып жатқан елге шабуыл жасаудың еш мағынасы жоқ. Қарапайым экономикалық логика: өз жауыңыз өзі қазған көрге қалай кіріп бара жатқанын сырттай бақылаңыз да отырыңыз».

А. Кушнарьдың айтуына қарағанда, әзірге Путин геосаяси құзғындардың көшбасшысы ретінде бір автократтан екіншісіне жүгіріп, әлемдік істерді былықтыруға тырысып, онсыз да таусылып бара жатқан ресурстары жеткен жеріне шейін бүлдіру жұмыстарын жалғастыра тұрады.

«Одан жасампаздық шықпады, бірақ тәп-тәуір бүлдіруші шықты. Өлтіру, ұрлау, жарып кету, тұрақсыздандыру, біреудің өмірлік нәрін сорып алу – путиндік режімнің бар қолынан келгені осы болды.

Путин өзін өз халқының арасында тұлғамын деген иллюзия тұтқынында жүр, бірақ ресейліктердің өзі-ақ оны өлген күні қоқысқа лақтыратын тас мүсінге айналғанын сезбейді де. Әлемдік қауымдастықтағы оның жағдайын тіпті айтпай-ақ қойсақ та болады. Ол жиіркенішті. Оны жек көреді. Оған саяси өлім тілейді. Оған қарсы бірігіп жатыр. Барлық өзін-өзі сыйлайтын адамдар одан аулағырақ айналып жүруге тырысады», — дейді шолушы.

Ал британдық танымал басылым The  Economist: «Соңғы он жылда Путинге бағынышты басшылардың басты мақсаты сайлауда дауыс жинауды қамтамасыз ету болды. Есесіне олар мұнайдан түскен пайданың бір бөлігін өздеріне алып, ары қарай білгендерін жасай алады деп келісілген. Мысалы, Шешенстанды алайық, Рамзан Қадыровтың басшылығындағы ел сайлауда Путинге 99 пайыз дауыс жинап беріп отырады. Мәскеу диктаторлық және жемқор Шешенстанға өзін Ресейдің бір бөлігі етіп көрсетіп жүргені үшін ақша төлейді», — деп жаза келе, Путиннің ел құрамындағы кейбір автономиялармен ауыз жаласқанын алға тартады.

Ресейді зерттеумен айналысатын профессор Стивен Коуэн: «АҚШ пен Ресей арасында жаңа қырғи-қабақ соғыс басталды және ол бұрынғыға қарағанда қауіптірек», — дейді.

Әлемдік сарапшылардың біршамасы Ресей жақын арада ыдырайды деген көзқарасты бір ауыздан қолдайды. «Бұл – тек уақыт еншісіндегі мәселе», — дейді америалық саясаттанушы Джейсон Смарт.

Ол Ресейдің ұзаққа созылатын соғыс қимылдары немесе экономикалық дағдарыс салдарынан ыдырауы мүмкін екенін айтады. «Экономикалық дағдарыс – Владимир Путин үшін ең үлкен қауіп. Адамдар не ішерін білмей қалған кезде билікке қарсы шығады. Барлық революция экономикалық дағдарыстан басталған», — дейді Смарт.

 

Әлемдік державалар Ресейдің ыдырауына мүдделі ме?

— АҚШ мүдделі, ол Ресейде демократиялық режім орнатпақ, — дейді Әзімбай Ғали.

— Бірінші қырғи-қабақ соғыс нәтижесінде Шығыс Еуропа елдері, Венгрия егемендігін алды, Германия бірікті. Барлығы Ресейде демокаратиялық режім орнады деп ойлады, бірақ империя қайтадан қалпына келді, — дейді саясаттанушы.

Ресей Федерациясы – аумағы жағынан әлемдегі ең үлкен мемлекет. Егер ол ыдырайтын болса, одан пайда көретін АҚШ екені даусыз. АҚШ еш кедергісіз әлемнің орасан ресурстық базасын өз бақылауына алады. Америка Ресейдің мұнай-газ кешеніне бақылау орнатса, Еуропа экономикасы толығымен АҚШ-қа тәуелді болып қалады. Сонымен бірге олар Ресейдің ядролық-зымырандық арсеналын да өз қолдарына алатынын ұмытпаған жөн. Оған қоса, Еуроодақ – бүгінде Ресейдің ірі экономикалық серіктесі, Ресей нарығының жабылуы ЕО-ны шығынға батырады. Ресейден тасымалданатын энергетикалық ресурстарды Еуропа елдері басқа елдерден қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болады.

Саясаттанушылардың пікірінше, Ресей ыдыраған жағдайда Еуропаға мигранттар толқыны ағылып, зор дағдарыс орнауы мүмкін.

Украиналық саясаттанушы Тарас Березовец жақын арада Ресейді азамат соғысы, оның артынан ыдырау күтіп тұрғанына сенімді. «Украина өз кезегінде бұл жағдайды Қырымды қайтару үшін пайдалануы керек. Бұл дегеніміз Қырым Украинаның иелігіне өте салады деген сөз емес, оған уақытқа дейін Украина мықты болуы керек, осы аумақты қайтаруға дайын болуы керек», -дейді ол.

 

Ресей ыдыраса қандай аймақтарға бөлінеді?

— Алда-жалда Ресей сыртқы не ішкі күштердің әсерінен ыдырай қалса, ондағы ұлттық субъектілер алдымен бөлінеді, — дейді саясаттанушы Дәурен Бабамұратов.

Оның ойынша, Ресей үлкен соғыссыз ыдырамайды. Яғни сыртқы күштердің әсерінсіз Ресей әлемдегі ең соңғы империялық (Қытаймен бірге) мемлекет болып қала бермек.

— Ресей басқа мемлекеттермен кикілжіңге түсіп бітті, дипломатиялық тұрғыдан да, ұлттық мораль тұрғысынан да Ресей соғысқа дайын. Соңғы 5-10 жылдағы Ресейдің ақпараттық саясаты да осыған барынша жұмыс істеді. Яғни халықты соғысқа әзірледі. Сыртқы не ішкі күштердің әсерінен ыдырай қалса ондағы ұлттық субъектілер бірінші бөлінбек. Яғни Шешенстан, Дағыстан, Татарстан, Башқұртстан, Саха, Тува, Мордовия, Мари Ел сынды елдер, сөзсіз, ең алғаш өз тәуелсіздіктерін жариялауы ықтимал. Ол жағдай, қателеспесем, тіпті олардың конституцияларында көрсетілген. Қалған Ресей қалай бөлінерін, әлбетте, ешкім білмейді», — дейді Дәурен Бабамұратов.

Ал саясаттанушы Әзімбай Ғали Ресейдің қандай аймақтарға бөлінетіні  дағдарыстың тереңдігіне байланысты дейді.

— Бөлінем деген өлкелер бөлінеді. Бірінші қырғи-қабақ соғыс Совет одағының ыдырауымен аяқталған. Ал екінші қырғи-қабақ соғыс 2008 жылы үлкен экономикалық дағдарыстың салдаранан басталды. Содан бері Ресейдің экономикасы аса қалпына келмеді. 2009-2010 жылдары кішкене тәуірленгенімен, бүгінге дейін экономикасы құбылып тұр. 2014 жылдан бері Ресейге Еуроодақ пен АҚШ тарапынан көптеген санкция салынды. Сол санкциялар елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайын нашарлатып жатыр. Бұл дегеніміз мемлекеттің экономикалық тығырыққа тірелгенін көрсетеді. Қазір Ресей экономикасы мұнай бағасына тәуелді. Демек, бұл ретте Ресей әлемдік бәсекеге төзімсіз. Сол сияқты жергілікті элита мен билік арасында қайшылықтар бар, шешендер, ингуштар, якуттар арасында ұлтшылдық күшейіп келеді, — дейді Әзімбай Ғали.

Саясатанушы өз сөзінде Ресейдің ыдырауы салдарынан Қазақстан мен Белоруссияның егемендігі күшейетініне сенім білдірді.

— Еліміз Еуразиялық одақ сияқты одақтардан шығады. Бұл үрдістің Қазақстанға пайдасы болады, Ресей тарапынан шабуыл қаупі төмендейді. Өйткені бұл жағдай Ресейдің Украинаға шабуылын тоқтатып, Қырымды Украинаға қайтарып беруіне әкеледі, — дейді саясаттанушы.

 

Ресей құласа, қазақ қорғансыз қалады деген пікір – бос сөз

Саясаттанушы Дәурен Бабамұратовтың сөзінше, Ресейдің ыдырауы қазаққа оңай соқпайды.

— Егер Ресей ыдырай қалса, тек ТМД емес, бүкіл әлемдегі саясат күрт өзгермек. Ол өзгеріс қазаққа оңай соқпайды. Себебі біздің солтүстік шекарамызда күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Одан кейін ол шекараны қымтап ұстау керек болады, яғни қаржы шығыны артпақ. Елдің қорғаныс саясаты өзгереді. Түркі халықтары үшін, әрине, бұл еркін әрі өз деңгейінде ортақ ұлттық һәм мәдениеттік дүниелерді күшейтуге мүмкіндік берер еді. Ортақ саяси және экономикалық негіздерге жол ашар еді, — дейді ол.

Қазақстан қазір көпвекторлы саясаттың арқасында аман отыр. Ресей құласа, Қазақстан мен Орталық Азия қорғансыздың күнін кешеді деген пікірлер де қылаң беріп қалады. Себебі аймақта Қытай, АҚШ, Еуроодақ деген әлемдік ойыншылардың мүддесі бар.

Ал Дәурен Бабамұратов бұл көзқарасқа үзілді-кесілді қарсы.

— Ресей құласа, қазақ қорғансыз қалады деген пікір – бос сөз. Керісінше, соңғы 5-6 жылда Ресейдің озбырлығы және көп жағдайда мүлдем логикаға жатпайтын іс-әрекеттері тәуелсіз Қазақстанды әлем алдында ыңғайсыз жағдайға қалдырды. ЕВРАЗЭС қазір мүлдем жұмыс істеп тұрған жоқ, өлі ұйым. Сондықтан осындай статус квода Қазақстан бәрібір Ресейден алшақтау керек. Дәл сол уақытта әлемнің басқа саяси ойыншылары үшін Қазақстандағы тұрақтылық барынша маңызды, себебі АҚШ, Қытай және Еуроодақтың біздің елде әжептеуір инвестициялары бар. Оны сақтап, ары қарай көбейту үшін олар біздің елдегі саяси тұрақтылықты барынша қорғайды, — дейді маман.

Экономист Мақсат Сералының пікірінше, Ресей бөлшектенсе, біз ең негізгі серіктесімізді жоғалтамыз.

— Бұл тікелей тауар айналымына әсер етеді. Бөлініп шыққан мемлекет толыққанды потенциалын жинағанша ұзақ уақыт өтеді. Осы орайда негізгі экономикалық серіктесімізді жоғалтамыз.

Әйтсе де Қазақстанға шекаралас жатқан мемлекеттермен қарым-қатынасымыз нығая береді. Олармен логистикалық, тауар тасымалдау, экономикалық тұрғыдан, тауардың өзіндік құны жағынан өте тиімді серіктеспіз. Ал Ресейдің солтүстік аймақтары, Қытаймен шекаралас. Сәйкесінше, Қытаймен көбірек жұмыс істеуі мүмкін, — дейді экономист.

Мақсат Сералы Ресейден келетін тауарлардың көлемінің азаюы Қазақстанға жанама түрде әсер ететінін айтады. Бұл процесс Қазақстан экономикасын күшейте түспек.

— Бірақ біз өз тауарларымызды қалай экпорттаймыз, кімге экспорттаймыз деген сұрақтар туындайды және осы  сұрақ толыққанды шешілмейінше Қазақстан экономикасының бағыты мен бағдары қандай болатынын кесіп айту қиын, — дейді экономист.

 

Батыстың басты қарсыласы Қытай болады

Ресей ыдыраған соң Батыстың басты геосаяси қарсыласы Қытай болады. Алайда футуролог мамандар Ресейдің қолдауынсыз Қытай да ұзаққа бармайды деп пайымдайды. Қытайға АҚШ-тан, Жапониядан, радикалды исламнан қауіп төнбек.

— Ресей ыдыраса, Қытайдың ықпалы күшейеді. XIX ғасырдың ортасында Қытай жабық есік саясатын жүргізіп, жеңіліс тапты. Сол уақытта бірқатар территориясынан айырылған. Қытай өзінің Ресей тартып алған жерлерін қайтарып алады. Сонда да Қытайды болжау қиын. Бірде Батысты тыңдаса, енді бірде орыстарға болысып, Батысқа қарсы агрессивті саясат жүргізеді. Қытай 1 млрд 300 миллион халқы бар, әлемде экономикасы жағынан 2-орын алатын мемлекет. Ал Ресейдің халқы азайып, демографиялық құрамында ересек адамдардың үлесі көбейіп келеді. Қытай қазір демократия мен либералдық режімді тежеп жатыр. Осы бағытты ұстанса, Ресейдің жолын қуып, ол да ыдырайды. Бүгінгі Қытай бұрынғы Маоның жолына түсті, — дейді Әзімбай Ғали.

Саясаттанушы Дәурен Бабамұратов Ресейдің дәл казір ыдырауы – Қытай үшін де үлкен қауіп дейді.

— Бүгінгі достық қатынасы басым Путиндік Ресейдің орнына, оның қаруына ие, бірақ Қытайға өш 5-6 мемлекеттің пайда болуына Қытай дайын емес. Оның үстіне Ресейді тізе бүктірген Батыс, келесі азуын Қытайға батырары тағы бар, — дейді ол.

Ресей  тарихына көз жүгіртсек, оның басқа мемлекеттерге қатысты көбіне агрессиялық саясат ұстанғанын көреміз. Бүгінгі Ресей – ССРО-дан, патшалық кезеңдегі Ресейден барлық кемшілігін мұралап алған империя. Алайда ешқандай империя мәңгі өмір сүрмейді. Кезінде әлемді дүр сілкіндірген Рим империясы да, Британ империясы да, Осман империясы да ыдырады. Ресейдің тағдыры да осылай аяқталмасына кім кепіл?!

«Қамшы» сілтейді

68 Comments on "Ресей қашан ыдырайды?"

  1. Say, you got a nice article post.Thanks Again. Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=fu5c-5eD1PM

  2. xaO4Kn the back! That was cool Once, striper were hard to find. They spend

  3. I truly appreciate this blog post.Much thanks again. Will read on…

    https://www.youtube.com/watch?v=9ITJGo7duz8

  4. I loved your article post. Really Cool.

    http://antscontrol.info/

  5. Very good blog post.Really thank you!

    https://ruperttarsey.yelp.com/

  6. Really enjoyed this post.Really looking forward to read more. Will read on…

    http://www.rotuloslevante.com/

  7. I am so grateful for your blog article.Much thanks again. Great.

    https://www.youtube.com/watch?v=4KFUtY9q8gQ

  8. I am so grateful for your article post. Really Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=4KFUtY9q8gQ

  9. Major thanks for the article post. Fantastic.

    https://www.youtube.com/watch?v=5Bi_Wwpud1c

  10. Fantastic article post.Thanks Again. Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=EdjJgjyPB2M

  11. Very neat blog.Really thank you! Much obliged.

    https://www.youtube.com/watch?v=phXNUsOBm_s

  12. Very informative article post.Much thanks again. Want more.

    https://tw-lab.com/

  13. Thanks-a-mundo for the article.Much thanks again. Want more.

    https://www.youtube.com/watch?v=Rf4FFF4lyWM

  14. Thanks again for the blog article.Really looking forward to read more. Want more.

    https://laptopbrandsandaccessories.com/

  15. wow, awesome article.Much thanks again. Will read on…

    https://www.intensedebate.com/people/dahliakierce315

  16. Looking forward to reading more. Great blog article.Really looking forward to read more. Keep writing.

    https://www.youtube.com/watch?v=qr5Vq46dioE

  17. I think this is a real great blog article.Really looking forward to read more. Fantastic.

    https://www.youtube.com/watch?v=cvTJA07ObZ4

  18. Wow, great blog.Really looking forward to read more. Want more.

    https://reinvi.com/reforma-de-banos-en-vitoria/

  19. «Excellent article! We are linking to this particularly great article on our website. Keep up the great writing.»

    https://reinvi.com/reforma-de-banos-en-vitoria/

  20. I really enjoy the blog article.Really thank you! Fantastic.

    https://herbertrsim.com/technology-of-the-future-crypto-and-blockchain/

  21. Fantastic blog post.Much thanks again. Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=cTdm9pfqOVM

  22. Thanks for sharing, this is a fantastic post.Thanks Again. Fantastic.

    https://www.youtube.com/watch?v=cGOLiCNh2Nc

  23. «I conceive you have noted some very interesting points , regards for the post.»

    http://www.fontspace.com/profile/sefuehrer7em

  24. Hey, thanks for the article.Really thank you! Cool.

    https://ae-coupons.blogspot.com/

  25. Appreciate you sharing, great article post.Thanks Again. Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=OrUF0nhpqsw

  26. Major thankies for the article post.Really looking forward to read more. Will read on…

    https://www.youtube.com/watch?v=z9S8dv_X4-4

  27. Really informative article.Really thank you! Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=-f_lyyzjqqM

  28. I really like and appreciate your article.Much thanks again. Great.

    https://www.talaat.me

  29. I appreciate you sharing this article post. Awesome.

    https://www.youtube.com/watch?v=0-ZMo8kp_Ik

  30. I loved your blog post.Much thanks again. Great.

    http://age-stop.eu/

  31. wow, awesome post. Keep writing.

    http://www.atlantafairoffer.com

  32. Hey, thanks for the article post.Much thanks again. Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=0YVhWv6v-0U

  33. Enjoyed every bit of your post.Thanks Again. Much obliged.

    http://enochian.org/daemons/bamboo-tshirts/

  34. Thanks for the blog post.Thanks Again. Really Cool.

    http://readdigitalreviews.com/

  35. Muchos Gracias for your post.Much thanks again. Awesome.

    http://secretseeds.online

  36. Awesome post.Thanks Again. Much obliged.

    https://youtube.com/watch?v=52tBLhKraIA

  37. I really liked your article.Thanks Again. Keep writing.

    http://age-stop.eu/

  38. Very informative article post.Really looking forward to read more. Much obliged.

    http://www.xpertise-training.co.uk/mcse-training-courses-london-uk

  39. Enjoyed every bit of your article.Really looking forward to read more. Much obliged.

    https://www.youtube.com/watch?v=30tHuJCvY-4

  40. Thanks for sharing, this is a fantastic post.Thanks Again. Awesome.

    https://sites.google.com/view/hauntrave/home

  41. «I’ve been absent for a while, but now I remember why I used to love this website. Thanks , I will try and check back more frequently. How frequently you update your site?»

    http://feccoo-pcorral.blogspot.com

  42. Im thankful for the article post.Much thanks again. Great.

    https://hpv.meetpositives.com/

  43. «I love what you guys tend to be up too. This sort of clever work and coverage! Keep up the awesome works guys I’ve added you guys to my personal blogroll.»

    http://onthsalefheu.tubablogs.com/helpful-guidance-on-identifying-necessary-factors-of-japan-travel

  44. Major thankies for the blog article.Much thanks again. Really Great.

    https://www.unice.com/

  45. Great blog.Thanks Again. Great.

    https://www.youtube.com/watch?v=luzj8_m_9Vk

  46. A round of applause for your blog post.Really looking forward to read more. Will read on…

    https://www.youtube.com/watch?v=g8rAv7ivd_w

  47. My spouse and I stumbled over here from a different page and thought I might as well check things out. I like what I see so now i am following you. Look forward to looking at your web page repeatedly.

    http://www.zvodretiluret.com/

  48. Very good blog.Thanks Again. Keep writing.

    http://rayssa-mendes05.tumblr.com

  49. Really appreciate you sharing this article. Really Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=YZMSnt_TKuo

  50. Wow, great blog article.Much thanks again. Keep writing.

    https://www.youtube.com/watch?v=ugNMjYStqLM

  51. A big thank you for your post.Really looking forward to read more. Cool.

    https://www.youtube.com/watch?v=U_icaiJObMc

  52. I loved your article post.Really looking forward to read more. Great.

    https://www.youtube.com/watch?v=6vzAL3hDXcQ

  53. Im grateful for the post.Really thank you!

    http://www.boliviahop.com/

  54. Thanks for sharing, this is a fantastic blog post.Really looking forward to read more. Really Great.

    https://www.youtube.com/watch?v=nYftaAPdx4M

  55. Really appreciate you sharing this blog post.Thanks Again.

    http://www.roslender-ballroom.com/how-can-we-define-a-good-logo-animation-design/

  56. I am so grateful for your post.Really looking forward to read more.

    https://www.onthegotours.com/blog/2016/09/visit-uyuni-salt-flats-from-la-paz/

  57. Very informative post. Will read on…

    http://age-stop.eu/en/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.