Қазақстанның кей қалаларында ауа сапасы нашарлайды

47 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 07 05 2018 16:09

7 мамырда метеорологиялық жағдайлар Қарағанды қаласының атмосферасына ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Қостанай қаласындағы метеорологиялық жағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

ҚМЖ — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық ахуалға (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) жасалатын болжам.

 

«Қамшы» сілтейді

Be the first to comment on "Қазақстанның кей қалаларында ауа сапасы нашарлайды"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.