«Жылаған ата» үңгірі мен бұлағы.Үңгір туралы не білеміз?

91 рет оқылды, 0 пікір жазылды, 12 08 2018 14:03

Жылаған ата бұлағы , Жылаған ата үнгірі – Қаратау жотасының Жылаған ата шатқалында, Абай елді мекенінен солтүстікке қарай Жылаған ата өзені бойында орналасқан үңгір.

Түркістан қаласы маңындағы Бабайқорған ауылында «Жылаған ата» үңгірі бар. Бұл үңгірдің құдіреті сол, әр 30 минут сайын сарылдап су ағып-тоқтап тұрады екен. Судың неге белгілі уақытта ғана ағатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Бұл үңгірдің алдында адам бейнесіне ұқсас тас бар. Сол тастың көз тұсынан оқтын-оқтын су шығады дейді.

«Жылаған ата» бұлағы болса, Түркістаннан 80 км ары, Абай ауылынан солтүстікке қарай, Жылаған ата өзенінің бойында. Ол үңгірге 300-350 метр биік үйінді болған жартастар арқылы ғана жете аласыз.

Үңгірдің аузы 8-9 метрдей болса, биіктігі 3-4 метр, ал тереңдігі 50-60 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ, сәл төменірек қуыс бар. Ол жерден ара-тұра су шығып тұрады. Ол жерге ешбір көлікпен жете алмайсыз. Тек жаяу-жалпы ғана жетуге мүмкіндік бар. Жол қиындау болғандықтан, шаршап-шалдығып жеткен жандардың тілегін Алла береді делінеді.

Be the first to comment on "«Жылаған ата» үңгірі мен бұлағы.Үңгір туралы не білеміз?"

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.