«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».Әлқожа ата кесенесі қайта жаңғырды

137 рет оқылды, 2 пікір жазылды, 17 08 2018 15:49
????????????????????????????????????

Н.Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған рухани орындарды қайта жаңғырту аясында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың қызы Гауһар анамыздың еріне арналып салынған Әлқожа ата кесенесі де назардан тыс қалған жоқ.
Ахмет Ясауи мавзолейінен шығысқа қарай 2,5 км жерде Ә.Тұтқабаев көшесінің бойында орналасқан Әлқожа ата кесенесінің алдындағы жер тегістеліп, бау-бақшасы ретке келтірілді. Кесенеге келуші туристерге арналған жолдарға тас төселіп, жарық шамдар мен арнайы орындықтар орнатылды. Электр желілері толығымен қайта жаңғыртылып, кесененің ішкі және сыртқы қабырғаларындағы кейбір жұмыс барысында орын алған олқылықтар толықтай түзетілді. Бұл туралы Әзірет Сұлтан Мемлекеттік Қорық-мұражайы хабарлады.

 

-Айта кетейік, Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында:

Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.   Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды,-деп жазған болатын.

2 Comments on "«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».Әлқожа ата кесенесі қайта жаңғырды"

  1. You made some respectable points there. I looked on the internet for the issue and found most people will associate with together with your website.
    yeezy boost 350 v2 [url=http://tiny.gl/yzyv2]yeezy boost 350 v2[/url]

  2. I am writing to make you understand of the fabulous encounter my cousin’s child enjoyed reading through yuor web blog. She picked up several details, not to mention what it is like to have a wonderful teaching mindset to have many people without difficulty know specified complex subject areas. You truly did more than our expectations. Thank you for offering those powerful, dependable, edifying and also cool tips on your topic to Ethel.
    supreme new york

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.