ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыстары. Қазақстанның киелі географиясы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі

290 рет оқылды, 1 пікір жазылды, 22 08 2018 17:13

Баба түкті Шашты Әзіз — қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін бейне. Ол туралы аңыздардың бірінде шын есімі Баба Туклас деп көрсетілген. Әкесі – Керемет Әзіз. Баба Туклас Меккеде патша болған, мұсылмандар арасында әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар, ең алдымен, Мұхаммедтің, онан кейін Әлем Музтазы Сейіттің, содан соң осы Баба түкті Шашты Әзіз қабіріне барып тәу еткен. Келесі бір аңыздарда Баба түкті Шашты Әзіз – Қожа Ахмет Ясауидың арғы бабалары, ислам діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі, Қорқыттың замандасы делінеді. Баб Ата күмбезі сол кісінің қабірінің басына салынған. Академик Ә.Марғұлан осы аңыздың тарихи негізі бар деп санайды. Үшінші аңыз бойынша, Баба Тукластың баласы Еділ–Жайыққа дейін келген, оның Құтлубек атты ұлынан Едіге батыр туған. Ал «Едіге батыр» жырында Баба түкті Шашты Әзіз – сол батырдың тікелей әкесі ретінде суреттеледі. Халық арасындағы аңызда ол су жағасында намаз оқып отырып, үш пері қызын көреді. Намазын бітірген соң, әлгі үш қыздың біреуінің қолынан ұстайды. Қыз суға сүңгиді, әулие де сүңгиді. Ақырында Баба Түкті Шашты Әзіз соған үйленеді. Қыз үш түрлі шарт қояды: аяқ киімімді шешкенде аяғыма қарама, киімімді шешкенде қолтығыма қарама, шашымды жуғанда, төбеме қарама дейді. Алайда, Баба Түкті Шашты Әзіз әлгі үш шартты бұзады. Оны сезген пері: «Ішімде алты айлық балаң бар! Соны мен Көк дария жағасындағы Құмкент деген жерге тастап кетем, іздеп тауып ал!», – дейді де, аспанға ұшып кетеді. Баба Түкті Шашты Әзіз уәделі жерден құндақтаулы нәрестені тауып алады. Айдалада туғандықтан есімін «Едіге» қояды. Қазақ шежірелерінің кейбір нұсқаларында ол Маңғыт руынан деп айтылады, Едігенің осы рудан шыққандығы негіз етіледі. Баба түкті Шашты Әзіз нақты болған адам деген бұлтартпайтын дерек жоқ. Сондықтан ғылымда ол мифтік бейне ретінде қабылданған. Қазақ фольклорында ол әулие кейпінде суреттеледі. Батырлар жырында бас кейіпкерлер қиналған кезде демеуші, аян беруші аруақ тұлғасында бейнеленеді. Мысалы, «Алпамыс батырда» Байбөрінің түсіне Баба түкті Шашты Әзіз кіріп, әйелінің бір ұл, бір қыз табатыны туралы аян береді, кейін Алпамыстың демеушісі болады. Басына қиындық түскенде Баба Түкті Шашты Әзізге сыйынып, жалбарыну дәстүрі халы] арасында күні бүгінге дейін сақталған.

Баба түкті Шашты Әзіз әулие кесенесі

Аудан тереториясында орналасқан, құнды саналатын тарихи мұнаралардың бірі — Баба Түкті Шашты Әзіз мазары. Құмкент ауылының маңындағы Жылыбұлақ жерінде орналасқан Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі бүкіл қазақ жұрты қиын қыстауда табынатын, жауға шапқанда ұрандататын киелі әулие болған. Күш атасы Қажымұхан додаға түскенде: -«Уа аруақ, Баба түкті Шашты Әзіздің рухы қолдай гөр»-деп сыйынған.

Баба түкті Шашты Әзіздің есемі «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Шора батыр» жырларында жиі айтылады. Алтын ордаға билік жүргізген Едіге би Шашты Әзіз әулиені өзінің түп атасы санаған. Сондай-ақ тарихи деректерде Баба түкті Шашты Әзіздің есімі Орта Азия, Қазақстан жеріне Ислам дінін уағыздаушы болып саналатын Ысқақ бабтың замандасы, үзенгілес сереге ретінде жиі айтылады.

https://kk.wikipedia.org/wiki/Баба_түкті_Шашты_Әзіз

1 Comment on "ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыстары. Қазақстанның киелі географиясы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі"

  1. When are you going to post again? You really entertain me!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.